Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданының негізгі әлеуметтік экономикалық қорытындысы келесідей қалыптасты.
Өнеркәсіпі өнімінің көлемі 28155,4 млн.тг. (жоспар – 30000 млн.тг.) құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,9% (6-орын, 2021 ж. 11 айы – 25584,5 млн.тг., облыс – 95,5%).
Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 21771,9 млн.тг. немесе 106,3% (6-орын, 2021 ж. 11 айы – 17027,2 млн.тг., облыс – 104,8%) құрады.
Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 115234,1 млн.тг. (жоспар – 115000,0 млн.тг.) немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,1% (1-орын, 2021 ж. 11 айы – 100316,6 млн.тг., облыс – 101,2%) құрады.
Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 86061,3 млн.тг. немесе 102,0% (1-орын, 2021 ж. 11 айы – 75476,9 млн.тг., облыс – 102,0%), мал шаруашылығы 29054,3 млн.тг. немесе 105,2% (4-орын, 2021 ж. 11 айы – 24619,7 млн.тг., облыс – 100,0%).
Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 20468,0 млн.тг. (жоспар – 23500,0 млн.тг.) құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 146,2% (7-орын, 2021 ж. 11 айы – 13516,5 млн.тг., облыс – 106,7%).
Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 14095,6 млн.тг. немесе жалпы инвестициялар көлемінен 68,9%.
Құрылыс жұмыстары көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,0% (13-орын, 2021 ж. 11 айы – 4998,0 млн.тг., облыс – 102,0%) немесе 4998,0 млн.тг. (жоспар – 7949,6 млн.тг.) құрады.
Осымен бірге, 45858 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4% құрайды (3-орын, 2021 ж. 11 айы - 43945 мың шаршы метр, облыс – 136,7%).
Бөлшек сауда 45024,8 млн.тг. немесе 155,7% құрады (2-орын, 2021 ж. 11 айы –25110,1 млн.тг., облыс – 113,5%).
Көтерме сауда көлемі 13147,7 млн.тг. немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 117,7% құрады (3-орын, 2021 ж. 11 айы – 16143,3 млн.тг., облыс – 105,2%).