Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАТТАМАСЫ
Сарыағаш қаласы. «19» қазан 2022 жыл.
Оқу – әдістемелік көмек семинарға қатысқандар:
Облыстық АСК мүшелері;
Аудандық АСК мүшелері;
УСК төрағалары және хатшылары:
Жиынға қатысқандардың жалпы саны 130 адам.
Күн тәртібі:
Жиналысты ашып, жүргізіп отырған АСК төрағасы А.Жұмасай 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ұсынылған кандидаттардың, олардың сенім білдірілген өкілдерінің адамдарын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Президенттікке кандидаттарды тіркеу жұмыстары 21 қазанда аяқталады, тіркелген кандидаттардың сенім білдірген адамдары сайлауалды үгіт жұмыстарын 21.10.2022ж бастайтығындарын айта келіп, олардан заң талаптарын қатаң сақтауды, өзге кандидаттардың ар- намысына, іскерлік қабілеттігіне тиіспеу, қара пиармен айналыспауды, ел арасында татулық, ынтымақ сақталуы керектігін, оларды бұзғандарға заң талаптарына сәйкес шара қолданынлатынын баса айты.
Облыстық АСК мүшесі Г. Махамбетова кезекті сөз алып УСК мүшелері өз міндеттері мен құқықтарын біліп алуларын айтып өтті. Тест сұрақтарын семинарға қатысып отырған комиссия мүшелеріне таратып беріп, олардан жеке-жеке тест жауаптары алынып, тест қорытындысына жақсы деген баға берілді. Г.Махамбетова: Комиссия мүшелеріне төленетін қаражат барысы жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп, берілген сұрақтарға жауап берді. Г.Махамбетова өз сөзінде сайлау барысында комиссия төрағаларына өздеріңіз тәртіпті қатаң сақтап, сайлауға қатысып отырған бақылаушылардан да заңдылықты талап етулерін сұрады.
Баяндамашы Д. Оразымбетов «Қазақстан Рсепубликасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасы Перзидентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде туындайтын сұрақтар мен оның дұрыс жауабы жайлы жиынға қатысушылармен сұрақ жауап арқылы әдістемелік көмек берді. Жиын барысында қорытынды тестілеу сұрақтары толығымен талқыланды. Сайлау науқаны барысында, сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері нені басшылыққа алу, сайлаушылармен, БАҚ өкілдерімен, байқаушы, блогерлермен жұмыс жайлы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі, заңгер Д. Оразымбетов жан жақты түсіндірді. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жайлы нақты мәселелерді ортаға салды. Жиын сұрақ жауап тәсілінде өтіп, сұрақ жауапқа 71 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Заңдарды біршама толық меңгергендіктерін байқатты.
Облыстық АСК мүшесі Д. Оразымбетов пен Г. Махамбетова және АСК төрағасы А.Жұмасай қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілген соң, жиналысты қорытындылап жиын жабылды.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ
Комиссия төрағасы А.Жұмасай
Комиссия хатшысы М.Калдыбаев