«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» БОЙЫНША СЕМИНАР КЕҢЕС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ел Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, ағымдағы жылдың 5 маусымында республикалық референдум өтетінін мәлімдеген болатын.

2022 жылдың 20 мамырында жалпы халықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздерін түсіндіру бойынша аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен  оқыту семинары өтті.

Семинарға аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы А.Жұмасай және төраға орынбасары А.Амирханов аудандық аумақтық, учаскелік референдум комиссияларының төрағалары және мүшелері  қатысты.

Семинар барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумның мәні, референдум туралы заңнама, республикалық референдумға дайындық және оны өткізу процесі референдум туралы заңнамасы бойынша негізгі түсініктер берілді.

Семинар соңында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Сурет 1
Дата публикации
20 мая 2022