Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері Сарыағаш ауданындағы «№12 колледж» студенттермен Сайлау – демократияның негізгі принципі атты дөнгелек үстел өткізді.
Жиын барысында сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жұмасай жастарға сайлаушылардың құқықтары жайлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының тармақтары жайлы түсініктеме берді. Сайлаушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп атап көрсеті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысып, дауыс беруіне барлық қолайлы жағдай жасау міндетіміз екендігіне тоқталды.
Комиссия хатшысы М.Калдыбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңындағы жалпы ережелер бойынша түсініктер берді.
1).Сарыағаш қаласының әкімі аппаратының жастар ісі бойынша бас маман Зиябеков Шынғыс қатысып өз оймен бөлісті.
2).№12 колледжінің тәрбие іс-жөніндегі орынбасары Нұрғали Тұрғанбаев тарапынан және жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жұмасай сайлау заңдарына сүйене отырып жауап берді.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы