«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТАҢДАУ ЖӘНЕ САЙЛАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Сарыағаш аудандық  аумақтық сайлау комиссия мүшелері Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №60 жалпы орта білім беретін  мектебінде жоғары сынып оқушылырмен  «Конституциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында кездесу өткізді.

Жиын барысында сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы   А.Жұмасай  жастарға сайлаушылардың құқықтары жайлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының тармақтары жайлы түсініктеме беріп жастардың сайлауға да сайлануға да құқылы екендіктерін түсіндірді. Елдегі демократиялық үрдістерді нығайту үшін барлығымыз сайлау туралы заңдарды жетік білуіміз керек  екендігіне тоқталды.

Комиссия хатшысы М.Калдыбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңындағы жалпы ережелер бойынша түсініктер берді.

Жиында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  А.Жұмасай  сайлау заңдарына сүйене отырып жан-жақты жауап берді.

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Фото 1
Дата публикации
10 февраля 2022