САРЫАҒАШ АСК КҮНТҮЗБЕЛІК ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ДӨНГЕЛЕК СТОЛ ӨТКІЗУ

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері Сарыағаш ауданында жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен және Сарыағаш ауданындағы 1-қала, 1-кент, 12 ауылдық округтеріндегі жастар істері жөніндегі инспекторларымен дөнгелек стол өткізді. 

Жиын барысында сөз алған  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  төрағасы  А.Жұмасай  отырысқа  қатысушыларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңына сүйене отырып  сайлаушылардың құқықтары жайлы түсініктеме беріп, жастардың сайлауға да сайлануға да құқылы екендіктерін, елдегі демократиялық үрдістерді нығайту қажет екендігіне тоқталды.

Комиссия хатшысы М.Калдыбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңыдағы жалпы ережелер бойынша түсініктер берді.

Жиында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  А.Жұмасай  толыққанды жауап берді.

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Фото 1
Дата публикации
04 февраля 2022