«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТАҢДАУ ЖӘНЕ САЙЛАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Арыстанбаб» колледжінде 03.02.2022 жылы сағат 11-00 жас сайлаушылармен бірлесіп –«Конституциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында жастарға сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы, сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру және басқада сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиын барысында сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі   А.Амирханов  жастарға сайлаушылардың құқықтары жайлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының тармақтары жайлы түсініктеме беріп жастардың сайлауға да сайлануға да құқылы екендіктерін, елдегі демократиялық үрдістерді нығайту үшін барлығымыз сайлауға қатысуымыз қажет екендігіне тоқталды.

    Жиында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға  аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшесі  А.Амирханов,  комиссия хатшысы М.Калдыбаев – Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сай жауап берді. 

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Сурет 1
Дата публикации
03 февраля 2022