ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес;
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері 2026 жылы бір маманға жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада, яғни бір маманға 432 500 теңгеден көтерме жәрдемақы берілу жоспарлануда.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында (Бұдан әрі-Портал) otbasybank.kz/program-bank тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
Ескерту!
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 18 бабының(Ауылдық аумақтарды дамыту ) 8 тармағына сәйкес Ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) кезден бастап үш жылға дейінгі ұзақтықпен белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталған соң әлеуметтік қолдау алу құқығы жойылады.