Мәслихат депутаттығына кандидаттардың ұсынатын құжаттар тізбесі
Партиядан ұсынса
- Партия, ҚБ жарғысынан (депутаттыққа ұсыну құқығын берітіндігі туралы) үзінді көшірме;
- саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
- Партияның, ҚБ конференцияның хаттамасынан үзiндi көшiрме;
- Азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;
- Өмірбаяндық деректері;
- Кандидаттың жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге);
- Мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары;
- Кандидаттың саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат
- Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы);
- Диплом көшірмесі;
- Сурет 3*4- 2 дана.
Өзін-өзі ұсынса
- Кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;
- Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
- Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге).
- Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы);
- Диплом көшірмесі;
- Сурет 3*4- 2 дана.
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың ұсынатын құжаттар тізбесіДата публикации
14 октября 2026