ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

«07» «10» 2026                                                                                  №361

 

 

Дайрабаев Мухтар Ибадуллаевичке уақытша өтеулі жер пайдалану

құқығымен берілген жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды

бастау туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы

28 қыркүйектегі №350 қаулысының күшін жою туралы

 

 Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 5 қазандағы №1824 ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №350 «Дайрабаев Мухтар Ибадуллаевичке уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы кол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловқа жүктелсін.

 

   Аудан әкімі                                                                       А. Абдуллаев

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
09 октября 2026