ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКIМДIГIНIҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

«____» __________ 2026 жыл                                                                  №____ 

                                                                 

 

 

«Мемлекет мұқтажы үшін жер  

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен 

шығаруды бастау туралы»

Сарыағаш ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 20 қазандағы

№349 қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 84 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, жұмысшы топтың ұсынысын және ауданның жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі №1746 ұсыныс хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы №349 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

сегізінші жолдағы «құрылысқа түсетін жер көлемі (га)» деген бағандағы «0,0919» деген сандар «0,25» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловке жүктелсін.

 

 

         Аудан әкімі                                                                                  А. Абдуллаев

 

 

 

Дата публикации
18 сентября 2026