2026 жылғы 31 мамырда Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Тегісшіл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3728 азамат енгізілді, олардың 2113 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байгулов М. Ү – 116; Ишанов И. С. – 105; Кемелбеков Т. К. – 1884; «Барлығына қарсы» – 3.
1969 жылы туылған, Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Кемелбеков Тансык Карабаевич Тегісшіл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы