«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 01 маусымындағы отырысында Тегісшіл ауылдық округінің әкімі ретінде:
1969 жылы туылған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ, Кемесбеков Тансык Карабаевичті тіркеді.