GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 апреля 2026
«Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихиның мемлекеттік архиві» КММ басшысы тағайындалды

   

Тасыбекова Камшат Киятқызы

Тасыбекова Камшат Киятовна

 

Бастап (айы,жылы) (месяц,год)

2026 жылғы 20 сәуірден бастап

Жұмыс істейді

Работает

«Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихиның мемлекеттік архиві» КММ басшысы

Туған кезі (күні, айы, жылы) Дата рождения (число, месяц, год)

09 наурыз 1978 жыл

Туған жері

Место рождения

ОҚО, Ордабасы ауданы Темірлан ауылы

Ұлты / Национальность

қазақ

Білімі / Образование

жоғары

Бітірген жылы

Окончил в

2005 ж.

2018ж.

 

Оңтүсті Қазақстан Педагогика университеті

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет

Білімі бойынша мамандығы

Специальность по образованию

Тарих-география

Құқықтану

Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі

Какими иностранными языками   и языками народов СНГ владеет

орыс

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ученая степень, ученое звание

жоқ

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма

(қандай, алған жылы)

имеет ли государственные награды, почетные звания (какие, год награждения)

 

Арнайы тексеру нәтижелері

Результаты специальной проверки

 

Аттестацияның күні және нәтижелері

Дата и результаты аттестации

08.04.2015 ж. атқаратын лауазымына сәйкес

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазалар туралы мәлімет

Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершения коррупционного правонарушения

жоқ

Мемлекеттік қызметшінің антын берген күні

Дата принесения присяги государственного служащего

-

           

 

Келген / Кеткен

айы және жылы

Месяц и год

вступления / ухода

БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ

РАБОТА В ПРОШЛОМ

14.09.2006ж.

09.01.2009ж.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты» мұрағатшы

09.01.2009ж.

29.03.2016ж.

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару бөлімінің

басшысы

29.03.2016ж.

16.05.2016ж.

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі  -  Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архиві басшысының  орынбасары

16.05.2016ж.

05.09.2018ж.

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы «ОҚО мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары, Шымкент қ.

05.09.2018ж.

05.07.2019ж.

Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары, Шымкент қ.

05.07.2019ж.

20.04.2026ж.

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Шымкент қ.

20.04.2026ж.

 

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихиның мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Шымкент қ. Тауке-хан 6А

 

 

Жалпы еңбек өтілі 19 жыл, 8 ай.

18 декабря 2025
Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Уатбаев Мұса Мұратұлы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агентігінің келісімімен Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Уатбаев Мұса Мұратұлы тағайындалды.

 Мұса Мұратұлы 1990 жылы Сарыағаш ауданында туылған, білімі жоғары, "есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету технологиясы" мамандығын аяқтаған.

Еңбек жолын АҚ-ы аймақтық бөлімшесінің ақпараттық технологиялар инженері болып бастаған.

2013-2018 жылдары аралығында "Ұлттық акредиттеу орталығы" ЖШС-нің ақпараттық технологиялар бөлімінің жүйелік әкімшісі; "Қазпочта"  АҚ Алматы филиалының бас маманы; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас маманы болып атқарған.

2018-2020 жылдары Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті компьютерлік инжинерия - ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының лекторы; компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультеті деканы;

2021-2023 жылдары аралығында       М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің инженер-бағдарламашысы;

2023 жылдан осы университеттің Цифрландыру департаментінің директоры лауазымын атқарып келген. 

Цифрландыру саласында тәжірибеңіз бен біліктілігініңізді басқарма жұмысын жетілдіруге жұмсайды деп сенім білдіреміз.

02 июля 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 372 АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады. Кездесуде облыстағы ауылдарға интернет жүйелерін тарту, байланыс сапасын жақсарту және өзге де пилоттық жобалар талқыланды. Өңір басшысы Түркістанға арнайы келіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырғалы жатқан «Қазақтелеком» АҚ-ның басшысына алғысын айтып, қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Киелі Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Мемлекет басшысы «Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы кезінде адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – интернетке қол жетімділігі» деп айтқан болатын. Өңірімізде бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында 801 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 740 елді мекен мобильді интернет желісімен қамтылған. Облыс аумағында 801 ауылдық елді мекеннің 429 ауылдық елді мекені оптика желісімен қамтылған. Қалған 372 ауылдық елді мекенде оптика жүргізілмеген. Осы елді мекендерді оптика желісімен қамту үшін қаржы қарастырып отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Бұл – біздің өңірімізге салынып жатқан үлкен инвестиция. Нәтижесінде тұрғындарымыз сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Ауылдық елді мекендерді сапалы байланыспен қамту үшін, біз, өз тарапымыздан, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ықпал жасаймыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Бағдат Мусин Түркістан облысы айрықша назарда тұрғанын айтты. Халық саны мен елді мекендерінің көптігіне байланысты интернетпен қамту жұмысы күшейтілетінін жеткізді. Атап айтқанда 372 ауылдық елді мекеннің телекоммуникация жүйесі мен интернет сапасын жақсартуға «Қазақтелеком» АҚ 14, 7 млрд. теңге инвестиция салатынын айтты. Облыс әкімдігі тарапынан осы жобаларды сапалы әрі жылдам орындауға қолдау көрсетуді сұрап, ол ұсыныс шешімін тапты.
Кездесу соңында Нұралхан Көшеров пен Бағдат Мусин жоғарыда аталған бастаманы жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.

23 июня 2025
ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН “AQYLTECH ЖӘНЕ IT-AIEL” ВОРКШОПЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында әйелдер мен жастардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «AqylTech және IT-Aiel» атты оффлайн воркшоп ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысының аудан-қалаларынан цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті болғысы келетін жастар мен әйелдер жиналды.

Жиынды Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Тураби Сейітұлы ашып берді. Ол қатысушыларға заманауи технологияларды меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

Воркшоп барысында қатысушылар цифрлық дағдылар, қаржылық жоспарлау, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект негіздері бойынша пайдалы ақпараттар алды. Бұл білімнің барлығын олар болашақта табыс табу және отбасылық экономиканы тиімді басқару үшін пайдалана алады.

Ал IT-Aiel жобасы жас аналар мен көпбалалы әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған. Оларға жасанды интеллектіні отбасылық бюджетте қолдану жолдары мен кибералаяқтықтың алдын алу туралы мағлұматтар берілді.

Шара соңында «TechnoWomen» қауымдастығының мүшесі Алуа Корпебаева қатысушылар арасында «Отбасылық стартап» ойынын ұйымдастырып, оларды кәсіпкерлікке баулыды. Қатысушылар өз идеяларын ұсыну арқылы белсенділік танытып, практикалық тәжірибе жинады.

10 июня 2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 3000-НАН АСТАМ АУЫЛЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасасты.

Қол қойылған мәміленің арқасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру жоспардан бір жыл ерте – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етілмек.

Осылайша, жоба 2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді таяу арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық кіру нүктелері мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеттері желіге қол жеткізе алады. Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық (88%) және жерсеріктік арналар (12%) арқылы желіге қосады.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде ұялы байланыс базалық станциялары үшін инфрақұрылым күшейтілмек. Бұл нысандарға дейін жеткізіп талшықты-оптикалық желіні төсеу мобильді интернет пен байланыстың сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

05 июня 2025
ТҮРКІСТАНДА IT САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Цифрландыру басқармасының “IT индустриясын дамыту” бөлімінің өкілдері Түркістан телеарнасының “Билік пен Бұқара” бағдарламасына қатысып, басқарма қызметіндегі жаңалықтар мен жетістіктер туралы айтты.

Бағдарламада бөлім басшысы Нұрлан Бабашев пен бөлімнің бас маманы Айтнұр Мырзагелді спикер ретінде қатысып, IT саласындағы оң өзгерістерді таныстырды. Әңгіме барысында өңірде ашылған жаңа IT мектептері, “Woosong” қазақ-корей университетінің қызметі және цифрландыру бағытындағы жобалар жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, Түркістан облысындағы интернет байланысының сапасы мен телекоммуникация тарифтерінің қымбаттауы сияқты өзекті мәселелер де көтерілді.

27 мая 2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ОФЛАЙН МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Бүгін Turkistan Hub алаңында IT-саласының үздігі, “Түркістан сақшылары” анимациялық жобасының авторы Ғасыр Құралбайұлы офлайн форматта шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараға Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты “IT индустриясын дамыту” бөлімінің бас маманы Айтнұр Мырзагелді мен ақпараттық технологиялар саласына қызығушылық танытып жүрген мамандар қатысты.

Мастер-класс барысында IT-эксперт жасанды интеллекттің күнделікті жұмыстағы мүмкіндіктері мен тиімді қолдану жолдары туралы кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ChatGPT секілді заманауи қосымшаларды қалай пайдалану керектігі, оған дұрыс сұрақтар қою арқылы қандай нақты ақпараттар алуға болатыны жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, бұл құралдарды жұмыс өнімділігін арттыруда қалай тиімді қолдануға болатыны туралы түрлі тәсілдер ұсынылды.

Шара аясында болашақта қандай мамандықтарға сұраныс төмендеуі мүмкін және керісінше, қандай салаларда кадр тапшылығы туындайтыны жайында да пікір алмасылды. Ғасыр Құралбайұлы қатысушыларды сергіту мақсатында мотивациялық және командалық ойындар ұйымдастырып, сабақтың практикалық бөлігін жандандыра түсті.

26 мая 2025
ТҮРКІСТАНДА «CYBER QURYLTAI: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ОАЗИСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақ үйінде «CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» атты ақпараттық қауіпсіздік және кибермәдениетті дамытуға арналған форум өтті. Форумға еліміздің өңірлерінен 80-ге жуық сала мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.

Түркістан облысының əкімдігі, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заманауи киберқауіптерге қарсы әрекет ету тетіктерін қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара байланысты нығайту.

CYBER QURYLTAI – жаһандық цифрлық сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіз цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шара.

Басқосуда «Лаборатория Касперского» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры В.Зубанов модераторлық етті.

Форумды Түркістан облысы əкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова да сөз сөйлеп, халықаралық стандарттарды елімізге енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Облыстағы Turkistan Hub – өңірлік ІТ стартаптарды қолдайтын және цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын орталық ретінде жұмыс істеп тұр. Мұнда жастар мен стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар, IT мамандарын оқыту курстары жүргізіледі. Оған қоса, аудандарда «Smart Hub» орталықтары ашылып, ауылдық жерлердегі жастарға да цифрлық мүмкіндіктер мен білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Бұл орталықтар тек оқыту емес, жергілікті IT жобалар мен сервистердің тірек нүктесіне айналады деп күтілуде.

Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланған. Университет ІТ білім беру жүйесін дамытып, өңірде инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық «Sunwah Group» компаниясымен халықаралық IT park жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Іс-шара «Қазақстандағы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы панельдік сессияға жалғасты. Онда ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері құнды мағлұматтар берді.

Сонымен қатар спикерлер мен сарапшылар «Қауіпсіз қала: Hikvision көмегімен қорғалған қалалық ортаны қалай құруға болады?», «Деректерді қалай қорғауға болады? Заң талаптарын сақтау ма, әлде пайдаланушылардың қолайлылығы ма – қайсысын таңдау керек?», «Checkpoint өнім портфеліндегі жаңа технологиялар», «Серверлік бөлмелердің стандарттары және цифрлық трансформациядағы микроЦОД-тың рөлі» тақырыптарында баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның екінші бөлімі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сессиясы мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша оқыту тренингіне жалғасты. Осы күні қатысушыларға Түркістан қаласында экскурсия ұйымдастырылып, облыс орталығының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

16 мая 2025
“TURKISTAN ROBO CUP 2025” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ТУРНИРІ ӨТТІ

Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған “TURKISTAN ROBO CUP 2025” республикалық робототехника турнирі алғаш рет өткен болатын. Шара облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен болды. Турнирге барлығы 250-ге жуық оқушы қатысып, заманауи технологиялар әлемінде өзара бақ сынасты.

Жарыс өңірде білім беру және спорттық робототехниканы кеңінен насихаттауға, жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету және инженерлік мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған. Жарыс кіші және жоғары жас топтарында робот құрастыру, роботтар шайқасы, биатлон және лабиринт санаттары бойынша ұйымдастырылған.
Нәтижесінде креативті роботтар құрастырылып, үздіктер анықталды.

Турнир 4 санат бойынша ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген дарынды оқушылар өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған командалар келесідей:

«Робот құрастыру» (6-9 жас аралығы):
🏅 Жамбыл облысы – Bee Bots командасы
«Биатлон» (12-16 жас аралығы):
🏅 Шымкент қаласы – RoboPARK 2 командасы
«Лабиринт» (12-16 жас аралығы):
🏅 Түркістан облысы, Кентау қаласы – RoboPARK 2 командасы
«Роботтар шайқасы» (9-14 жас аралығы):
🏅 Қызылорда облысы – ROBOSTARKZO командасы

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Аталмыш сайыста тек балалар ғана емес, олардың жаттықтырушылары да марапатсыз қалмады.

13 мая 2025
КИБЕРАЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

       Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” кешенінде “Кибералаяқтық: Алдын алу, Қорғау, Жауапкершілік” тақырыбында форум өтті. Іс-шараны Түркістан облысының Полиция департаменті ұйымдастырды.

       Форум аясында цифрлық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың түрлері, олардан қорғану жолдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Форум жұмысына Ішкі істер министрлігі, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, IT саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.

       Шараның басты мақсаты – қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың интернеттегі алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейту.

       Сонымен қатар, Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы форумда инновациялық IT жобалар мен стартаптарды көпшілік назарына ұсынып, өңірдің цифрлық даму бағытындағы тың бастамаларымен таныстырды.

       Цифрлық болашақ – қауіпсіз қоғамнан басталады!

Социальные сети
Facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы