Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы «20» мамырдағы
№94 қаулысына
4-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы
«23» қарашадағы №321 қаулысына
3-қосымша
«Түркістан облысының цифрландыру,
мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісін жүргізу және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 161200, Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, 2 ғимарат.
- Мемлекеттік органның толық атауы – «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Түркістан облысының аумағында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив iсi және құжат жасау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру.
- Міндеттері:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
2) Түркістан облысының аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, қалыптастыруды, есебін жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ету.
- Функциялары:
- облыс әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
- облыс әкімдігінің электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
- облыс әкімдігінің бекітуіне «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын енгізу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
- «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
- облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
- техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
- ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
- ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
- облыс әкімдігіне ұсыныс енгізумен уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітуді қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
- көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
- мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
- егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беруді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
- көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз ету;
- облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
- облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
- құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
- облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
- облыстың аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
- жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
- облыс әкімдігінің бекiтуіне сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi енгізу;
- Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
- облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынады;
3) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдары, аудан, қалалардың ажергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жасап, қорытындысы бойынша облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;
5) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
6) өз құзыреті шегінде «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады;
7) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік, кеңестік, практикалық көмек көрсетеді;
8) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Түркістан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) келісімшарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банктік шоттар ашады;
9) өз уәкілеттігі шегінде «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне, сондай-ақ «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
11) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
13) «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Басшы өз орынбасарының, құрылымдық бөлімдер басшыларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Түркістан облысының цифрландыру,
мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Кентау өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Арыс қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Бәйдібек аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Келес аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қазығұрт аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Мақтаарал аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Ордабасы аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Отырар аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Сарыағаш аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Сайрам аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Созақ аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Төлеби аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Түлкібас аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Түркістан қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Шардара аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.