Положение

Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

  1. Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау жұмыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Жарлықтарын, өкімдерін, қаулыларын, Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа төлемдер туралы», ««Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын,  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2010 жылғы 29 маусымдағы №281 Бұйрығын, Қазақстан Республикасының  Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрықтары мен алқа мәжілісінің шешімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімі мен мәслихатының шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді және «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы ережесін басшылыққа алады.

 

  1. Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті:

- Бюджет кодексін, «Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,  мұрағат ісін дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың  жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;.

Функциялары:

 - облыстық, аудандық, қалалық және өңірлік архивтерде  Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Бюджет» кодексі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,  «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа төлемдер туралы»  Заңдарының және басқа да кұқықтық актілердің орындалуын бақылайды;

- басқарманың бюджеттік бағдарламаларын дайындайды және оның іске асырылуын бақылайды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады;

 

 

  1. Міндеті:

    -   бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және облыстық бюджеттік комиссияға ұсыну;

Функциялары:

-  бөлімнің жұмысын жоспарлайды, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қадағалайды;

-  бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты және уақтылы, әрі сапалы орындалуын бақылайды;

- барлық архив мекемелерінен бюджет жобаларын жинақтап, облыстық экономика және бюджетік жоспарлау басқармасына тапсыру және оларды бюджеттік комиссияға ұсыну, дәлелдеу;

- облыстың   архив  мекемелерінің   жиынтық   қаржыландыру жоспарлары   мен       есептерін құрастырады.

 

  1. Міндеті:

-   бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу;

   Функциясы:

- басқарманың есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

- тоқсан сайын басқарманың салық,  статистикалық есептерін дайындайды және оларды тиісті орындарға тапсырады;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы бойынша  басқарманың және барлық архив  мекемелерінің есептерін жинақтап, облыстық әкімдікке, облыстық қаржы басқармасына тапсырады.

 

  1. Бөлімнің негізгі құқығы:

   Бөлім өзінің қызметтерін жүзеге асыру үшін:  

- өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдауға;                

- мемлекеттік   органдар мен   басқа   да   ұйымдардан   және азаматтардан басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ақпарат сұрауға және алуға;

- өз   қызметінің   мәселелері   бойынша  облыстық, өңірлік мемлекеттік және   аудандық,   қалалық архивтерге белгіленген тәртіппен нұсқаулар беруге, ақпараттар сұратуға және алуға;

- өзіне жүктелген міндеттер ауқымында шешімдер әзірлеуге құқылы.

 

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. 1. Бөлімді қолданыстағы   заңнамаларға  сәйкес   басқарма   басшысы   қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізігі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімнің бас маманы жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

 

 

Бухгалтерлік есеп және

бюджеттік жоспарлау бөлімінің

басшысы                                                                                Н.Азимбаев

Положение
Дата публикации
11 ноября 2020