Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілітетін ішкі мемлекеттік бақылау шаралары бойынша оқыту өткізілді

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары бірлесіп, министрліктердің аумақтық органдары және жергілікті атқарушы органдарға ішкі мемлекеттік бақылау жұмыстары бойынша оқыту өткізді.
Оқытуда ішкі мемлекеттік бақылау шараларының заңдылығын сақтау, ішкі мемлекеттік бақылау мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына бағытталған кешенді іс-шара болып табылатындығы және осы бағытта өзге де мәліметтер айтылды.
Басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Н.Қалтбеков Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдардың жыл сайынғы бағалау бағытының бірі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және осы бағыттың бағалау нәтижесі ішкі мемлекеттік бақылау шараларының есептері негізінде берілетіндігін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, бірқатар жергілікті атқарушы органдардың бақылау шараларының есептерін тапсыру кезінде жіберілетін қате-кемшіліктері айтылып, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер саласындағы есептерді уақытылы және сапалы тапсыру қажет екендігі ескертілді.

Дата публикации
28 августа 2023