Ішкі бақылау нәтижелері бойынша ұсынылған ақпаратқа
талдамалық анықтама
Ұсынылып отырған кесте Агенттік жолдаған түсіндірмеге сәйкес толтырылды. Тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 176 түрi және олардың ішінде 174 кіші түрлері көрсетiледі.
2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны – 5 246 506 қызмет болса, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 200, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 107055, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5 126 622, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 12629.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың саны барлығы – 712, оның ішінде 653 – электронды, 59 – қағаз түрінде бас тартылған.
Құжаттардың мерзімдерінің бұзылуы бойынша 2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар электронды жүйе арқылы құжаттың мерзімін бұзылуы жөнінде орын алмаған.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны – 0.
Қызмет ұсыну сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, брошюралар тарату, конференциялардың және қызметтің сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары саны – 88.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту бойынша халықтын қамту саны – 16123 құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 8.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсанында №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 39, 41 тармақтарына сәйкес, 2023 жылға Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қала әкімдерінің өкіміне сәйкес ішкі мемлекеттік бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бекітілген іс-шараларға сәйкес, облыс көлемінде а.ж. 1 тоқсанында 47 объектіге (47 - ЖАО мекемесі, 0 - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар,) ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 192 бұзушылық анықталды.
Атап айтсақ, оның ішінде:
Бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша 12 қызметкерге шара көрілді (9-«ескерту», 3-«сөгіс», 0-«қатаң сөгіс»).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны, барлығы – 72, олардың ішінде: орындалғаны – 72, орындалмағаны – 0.