109 ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

109 ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

 

          Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын заманауи техникалармен жабдықталған байланыс орталық #Ашық әкімдік, #Халықтық әкімдік тұжырымдамаларға сай, іске асқан. Нақтырақ айтқанда, мұнда азаматтар коммуналдық-тұрмыстық мәселелер, білім беру, әкімдік қызметтер бойынша да сұрақтарын қойып, ақпарат алып, арыз-шағымдарын айта алады. Бұл тұрғыда байланыс орталығы - жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді.

        Ел Президенті жүктеп отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыра отырып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюға да әсерін тигізеді.

         «Цифрлық даму орталығы» КММ 6 бөлім, 82 штат бірлігі қаралған. Соның ішінде 109 бөлімінде 21 қызметкер штаттық режимде, 1 қызметкер ақылы қоғамдықпен жұмыс атқаруда.

Анықтама үшін:

3 ауысым бойынша қызметкерлер жұмыс істейді:

- 22 сағат жұмыс және 3 күн демалыс 1/3;

- 2 жұмыс күні 11 сағат, 2 демалыс күні 2/2;

- 5 күн жұмыс істейді, 2 күн демалады 5/2.

Орталықтың жұмыс қағидасы:

Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Орталық 5 бағыт (желі) бойынша жұмыс істейді.

- 1 желі-операторлар;

 операторлар 109-орталыққа келіп түскен барлық өтінімдерді қабылдайды және «Aikey» арнайы ақпараттық жүйесіне енгізумен айналысады. Сонымен қатар, тұрғындардан келіп түскен өтініштерге жауап беру мақсатында кері байланысқа шығады.

- 2 бағыт (желі) – инспекторлар;

109 орталықтың инспекторлары тіркелген өтініштерді зерделейді, оларды орындау үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға жібереді, тұрғындардың өтініштеріне жауап алу бойынша толыққанды және уақытылы жұмыс жүргізеді.

- 3 бағыт (желі) – орындаушылар;

орындаушылар-мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қызметкерлері. Жұмыс жүргізеді, жетелеушілердің келіп түскен өтініштеріне уақытылы жауап береді. Әрбір жауапты қызметкерде "Aikey" ақпараттық жүйесінде пайдаланушының есептік жазбасы ашылады. Ол жеке компьютер немесе "Aikey 109" мобильді қосымшасы арқылы жазбаға кіріп, жауап бере алады.

- 4 бағыт (желі) – талдаушылар;

талдаушылар-орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша қайталанатын мекенжай тізілімдері бойынша талдамалық анықтама жасайтын, шешілмеген мәселелер бойынша есеп жасайтын, өңірлер бойынша халықтың әлеуметтік шиеленісін құрайтын топ.

– 5 бағыт (желі) - әдіскерлер.

әдіскерлер-жаңа пайдаланушыларды тіркейді, "Aikey" ақпараттық жүйесіне кірмеген жаңа мекенжайлар жүйенің білім қорын толтырады.

          Байланыс орталыққа қазіргі уақытқа дейін 320599 өтінім келіп түскен, оның 309438  өтінім дер кезінде жабылып 96.52% құрап отыр.

2023 жылдың 10 сәуір айына дейін 52056 қоңырау түсіп, 51570 өтінім дер кезінде жабылып, 441 өтінім жұмыс барысында, 45 өтінім мерзімі өткен.

 

Қоңырау категорияларының 5 түрі бар:

  1. Консультация - 42064
  2. Оқиға (арыз-шағым) - 9807
  3. Шағым - 97
  4. Алғыс - 76
  5. Ұсыныс - 12

 

№

Аудан / қала

Жалпы саны

Жабылған саны

Жұмыс барасында

Мерзімі өткен

1

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ

30486

30224

220

42

2

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ

1194

1178

15

1

3

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ

971

967

3

1

4

ШАРДАРА АУДАНЫ

468

465

2

1

5

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ

5996

5857

139

0

6

САЙРАМ АУДАНЫ

2601

2573

28

0

7

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ

1742

1732

10

0

8

СОЗАҚ АУДАНЫ

1570

1570

0

0

9

САУРАН АУДАНЫ

1398

1391

7

0

10

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ

1230

1228

2

0

11

АРЫС ҚАЛАСЫ

928

925

3

0

12

САРЫАҒАШ АУДАНЫ

828

824

4

0

13

КЕЛЕС АУДАНЫ

651

650

1

0

14

ОТЫРАР АУДАНЫ

550

550

0

0

15

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ

496

492

4

0

16

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ

476

474

2

0

17

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ

471

470

1

0

БАРЛЫҒЫ:

52056

51570

441

45

 

Орталыққа өтініш беру көздері:

  • 109 қысқа нөмеріне қоңырау шалу арқылы;
  • Whatsapp (+77011313109) желісі;
  • Instagram (@turkistan_oblysy.109);
  • Facebook (Байланыс орталығы);
  • "Aikey" мобильді қосымшасы;
  • чат бот Telegram @turkobl_109_bot .

 

Анықтама үшін:

   Жиі қойылатын сұрақтар және қолданылатын ақпараттық жүйелер.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша, яғни электр жарығы, ауызсу, газ, қоқыс қалдықтары, ветеринарлық қызмет, көше жарықшамдары, кәріз құдықшалары және жол мәселелері.

Сайлау бойынша ақпарат.

  Қазіргі уақытта күніне орта есеппен 400-500 қоңырау қабылданады.

 

Жылдық отчет
Дата публикации
11 апреля 2023