Анықтама
Түркістан обылсыныды мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің тiзiлiміне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 176 түрi және олардың ішінде 174 кіші түрлері көрсетiледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны – 19 919 253 қызмет болса, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 881, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 997676, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 18 915 254, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 25 442 ұсынылды.
Құжаттардың мерзімдерінің бұзылуы бойынша 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар электронды жүйе арқылы құжаттың мерзімін бұзылуы жөнінде орын алмаған.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны – 0.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың саны барлығы – 2715, оның ішінде 2507 – электронды, 208 – қағаз түрінде бас тартылған.
Қызмет ұсыну сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, брошюралар тарату, конференциялардың және қызметтің сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары саны – 497.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту бойынша халықтын қамту саны – 21 892 құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 23
Бекітілген іс-шараларға сәйкес, облыс көлемінде а.ж. 184 объектіге (164 - ЖАО мекемесі, 20 - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар,) ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 1229 бұзушылық анықталды.
Атап айтсақ, оның ішінде:
Бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша 64 қызметкерге шара көрілді (49-«ескерту», 15-«сөгіс», 0-«қатаң сөгіс»).