Сайрам ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму Жоспарының негізгі ұлттық индикаторлар декомпозициясының орындалуы
| Сайрам ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму Жоспарының негізгі ұлттық индикаторлар декомпозициясының орындалуы | ||||||
| № | Атауы | Өлшем бірлігі | Орындалуы | 4 тоқсанның орындалуы бойынша ақпарат | ||
| базалық (бастапқы) мән | жоспар | нақты | ||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 11-НҰИ Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі |
% | ||||
| 1.10. | Сайрам ауданы | адам | 9 800 | 9 800 | 5 786 | Кедейлік шегіндегі аз қамтамасыз етілген отбасылар жөніндегі Сайрам ауданы бойынша жыл қорытындысымен 5786 адамға төмендеген |
| 2 | 13-НҰИ Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, (АЕМ) |
% | ||||
| 2.10. | Сайрам ауданы | % | 77,8 | 77,8 | 78,6 | Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйке көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі ауданда 78,6%-ды құрады |
| 3 | 1.1 нәтиже көрсеткіші Сүтті қайта өңдеу үлесі |
% | ||||
| 3.10. | Сайрам ауданы | % | 97,7 | 97,7 | 97,7 | 2025 жылдың 12 айында ауданда 146372,2 тн сүт өндіріліп, оның 143298,3 тн немесе 97,7% нақты қайта өңделді. Сүт өнімін қайта өңдеу саласы ауданда тұрақты және қарқынды дамуда. Қазіргі таңда қуаттылығы 207,7 мың тонналық 21 бірлік сүтті қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Аудан халқының тұтыну қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді және басқа аудан мен қалаларға сатылымға шығарылады. |
| 4 | 1.2 нәтиже көрсеткіші Етті қайта өңдеу үлесі |
% | ||||
| 4.10. | Сайрам ауданы | % | 43,3 | 43,3 | 44,0 | Ауданда 2025 жылы сойыс салмағында 26611,0 тн ет өндіріліп, оның 11575,7 тн қайта өңделді, немесе 44,0 %. Ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша ауданда қуаттылығы 10,25 мың тонналық 3 бірлік кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша тағы бір кәсіпорын іске қосылды. «KAZ ECO MEAT» ЖШС цехтың қуаттылығы ауысымына 600 бас ұсақ мал және 500 бас ірі қара. Сәйкесінше, жылына демалыс және мереке күндерін есептемегенде цехтың қуаттылығы (18 тоннаны 250 күнге көбейткенде) 4500 тонна өнімді құрайды. Шығарылған ет өнімдері республика бойынша сатылымға шығарылады. |
| 5 | 26-НҰИ Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны |
мың.адам | ||||
| 5.11. | Сайрам ауданы | адам | 3190 | 3190 | 3020 | Аудан көлемінде орналастыру орындарының саны 10 бірлік, Қызмет көрсетілген келушілер саны 3020 адам (статистика кеш шығуына байланысты 3 тоқсанмен бағаланады). |
| 6 | 27-НҰИ Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристтер санын арттыру |
мың.адам | ||||
| 6.7. | Сайрам ауданы | адам | 130 | 130 | 12 | Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристер санын арттыру "Е Қонақ" жүйесінде тек шет ел азаматтарын тіркеу арқылы жүргізіледі. Жыл қорытындысымен 12 адамға қызмет көрсетілді. |
| 7 | 30-НҰИ Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) |
млрд.тг | ||||
| 7.11. | Сайрам ауданы | млн.тг | 170 000 | 170 000,0 | 181 757,6 | 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 181,8 млрд.теңгені құрады. 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (93,7 млрд.теңге) нақты көлем индексі 193,9%-ға немесе 88,0 млрд.теңгеге артқан. 2025 жылдың жоспары 106,9%-ға орындалды. |
| 8 | 1-НИ Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі |
% | ||||
| 8.11. | Сайрам ауданы | % | 31,0 | 31,0 | 31,0 | Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 31,0 пайызды құрап отыр |