«Арыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жеке және заңды тұлғаларға, заң талаптарын сақтай отырып, тегін қызметтер көрсетіледі.
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға шешім алу үшін, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беру қажет.
Қажетті құжаттар: көрсетілетін қызметті берушіге:
- жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
Порталға:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі:
«Арыс ауылдық округі әкімінің аппараты» – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 15.00-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін.
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
"Арыс ауылдық округі әкімінің аппараты" М.М.