Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 15 қыркүйегінде Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінің әкімін тіркеді.
– Юлдашов Уткиржон Авазхонович 1977 жылы 5 қаңтарда ОҚО Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі жоғары."AMANAT" партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылының тұрғыны.
|
Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |