2024 жылғы 7 шілдеде Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 25163 азамат енгізілген. Дауыс беруге 19828 сайлаушы қатысты, оның ішінде сырттай дауыс беру бюллетенін пайдаланғандар саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 36.
Жалпы үміткерлердің саны - 2.
Ақсукент ауылдық округінің әкімін сайлауда келесі қорытындылар анықталды:
Құралбеков Нурсултан Рустемович 3925 дауыс берілді,
Нурлыбаев Мәди Абайұлы 15903 дауыс берілді,
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 0.
Сайлау қорытындысы бойынша Ақсукент ауылдық округінің әкімі болып
1990 жылы туған, «Сайрам аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болған, Сайрам ауданының тұрғыны Нурлыбаев Мәди Абайұлы сайланды.
Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы