Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 7 шілдеде өткен Сайрам уданы Ақсукент ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 9 шілдеде Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округінің әкімін тіркеді. – Нұрлыбаев Мәди Абайұлы 1990 жылы 17 маусымда ОҚО Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі жоғары."AMANAT" партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысының лауазымын атқарған.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны.
|
Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |