2023 жылғы 13 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының № 137 бұйрығымен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілді. Қағидалардың 4-тармағына сәйкес, 2024 жылдың күзгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға АШТӨ-ден өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 1-20 мамыры аралығында https://bpm.gosagro.kz. электрондық мекенжай бойынша қабылданатындығын хабарлаймыз. Бұл ретте ақпараттық жүйеге кіру әрбір АШТӨ-нің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тапсырудың видео нұсқаулығы: https://youtu.be/K9v7OQxf1Lg
Анықтама үшін телефондар: 8-700-415-98-06, 8-(725-31) 59-805, 59-806.