Агроқұрылымдар назарына

GOSAGRO.KZ: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНДЫ БӨЛУ

ФУНКЦИОНАЛЫ ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

         АШТӨ-ге бөлінген дизель отынын бөлу тетігін заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының № 137 бұйрығымен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілді.

         Осы Бұйрыққа сәйкес АШТӨ үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестері, сондай-ақ мұнай өндіру зауыттарыден (МӨЗ) өңірлерге, одан әрі АШТӨ-не дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау тәртібі мен шарттарының регламенті бойынша интернет-ресурста аграрийлер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдері ағымдағы жылдың           20 мамырына дейін мына электрондық мекенжай бойынша https://bpm.gosagro.kz. қабылданатындығын хабарлаймыз.

         Бұл ретте ақпараттық жүйеге кіру әрбір АШТӨ-нің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылады.

         Тапсырудың видео нұсқаулығы: https://youtu.be/K9v7OQxf1Lg

         Ескерту: Сұрақтар бойынша анықтама алу үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бегенов Холмурод.        Байланыс нөмірі: 8-700-415-98-06, 8-(725-31) 59-805, 59-806.

Дата публикации
17 мая 2023