«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі-Дамыту орталығы) технологиялық шешімдер мен жаңа өндіріс желілерінен бастап, сертификаттауға, экспортқа және сандық технологияларды енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде өнеркәсіптік кәсіпорындарға жәрдем көрсететін бірыңғай үйлестіруші болып табылады.
Дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің операторы ретінде Қазақстан Республикасының сыртқы нарыққа отандық қайта өнделген тауарларды жылжыту жөніндегі экспорттық шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау: Еxport.gov.kz веб-порталы арқылы2021 жылғы 26 қаңтардан сағ. 9:00-ден бастап 1 маусымға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.