Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
1) «Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының әзірленген даму және құрылыс жоспарларын (елді мекендердің бас жоспарының нұсқасы) (түзету)» жобасы бойынша түсіндірме жазбалар;
2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі заманғы пайдалану жоспары (тірек жоспар)» схемалары, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемалары;
3) «Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округі Қарабұлақ ауылын әзірленген даму және құрылыс (елді мекендердің бас жоспарының нұсқасы) (түзету)» қала құрылысы жобасына жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға әсерін скринингке бастамашылық етуге арналған есеп.
Материалдарды әзірлеуші: «Юг-Гео-Стандарт» ЖШС.
Материалдарға тапсырыс беруші: Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Құжаттың экологиялық бөлігін әзірлеуге жауапты: Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026–2045 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: : : 2026 жылғы 24 қыркүйектен бастап 8 қазанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 8 қазан).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, №8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.
Тел.: 8 (7172) 74-02-83; 8 (7172) 74-08-90
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде электронды мекенжайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде кеңседе +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Сайрам ауданы әкімдігінің сайтында жарияланған: