GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
07 октября 2026
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы – Бурлибаев Санжар Таскинбаевич 2026 жылдың 12 қазан сағат 16:00-18:00 да азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

     Тіркеу 8(725 33) 5-84-59; 5-97-31; байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

18 сентября 2026
Жамбыл және Түркістан облыстары жұмылдыру дайындығы саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтты

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында Түркістан облысының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболат Бейсенұлы, басқарма қызметкерлері, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Санжар Бурлибаев Тасқынбайұлы, аудан және қала әкімдіктерінің жұмылдыру бағытына жауапты қызметкерлері қатысты.

Жамбыл облысында жұмылдыру дайындығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, тараптар өзара тәжірибе алмасты және саланы жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмылдыру дайындығы саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тәжірибе алмасуды жүйелі түрде жалғастыру және саладағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейтуге келісті. 

12 сентября 2026
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы – Бурлибаев Санжар Таскинбаевич 2026 жылдың 14 қыркүйек сағат 16:00-18:00 да азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

     Тіркеу 8(725 33) 5-84-59; 5-97-31; байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

11 августа 2026
Әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы тағайындалды!

Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы лауазымына Хожахмет Асылхан Сұлтанұлы тағайындалды.

11 августа 2026
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы – Бурлибаев Санжар Таскинбаевич 2026 жылдың 17 тамызда сағат 16:00-18:00 да азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

     Тіркеу 8(725 33) 5-84-59; 5-97-31; байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

14 июля 2026
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы – Бурлибаев Санжар Таскинбаевич 2026 жылдың 27 шілдеде сағат 16:00-18:00 да азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

     Тіркеу 8(725 33) 5-84-59; 5-97-31; байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

14 июля 2026
Түркістан облысында әскери міндеттілер жиыны аяқталды

  Түркістан облысындағы «Орда» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен өткізілген он күндік жиынды қорытындылайтын тактикалық-арнайы оқу-жаттығу кезеңі өтті. Ауқымды оқу-жаттығу стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету мен қорғау барысында әскери міндеттілердің өзара іс-қимылдары мен үйлестіруді пысықтауға бағытталды.

  Арнайы тактикалық-оқу жиындарына 120 әскери міндетті қатысты. Он күн бойы олар даярлықтың негізгі бағыттары — мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді. Оқу бағдарламасы жалпы 18 пәнді қамтыды. Олардың қатарында блок-бекеттердегі іс-қимылдар, қарауыл қызметінің міндеттерін орындау, шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру, сондай-ақ стратегиялық маңызды нысандарды қорғау мен күзету тәсілдері бар.

  Оқу-жаттығу жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өтіп, тіркелген құрамның жауынгерлік әзірлігін тексеруді, практикалық дағдыларын жетілдіруді және тактикалық міндеттерді орындау кезіндегі бөлімшелердің үйлесімділік деңгейін арттыруды көздеді.

  Жиын бөлімшелерді жауынгерлік әзірлікке келтіру және әскери міндеттілерді қабылдау пунктінде қабылдаудан басталды. Теориялық дайындықтан кейін жеке құрам далалық дайындықтың белсенді кезеңіне кірісті. Барлық кезеңдер «теориядан — тәжірибеге» қағидаты бойынша ұйымдастырылды.

  Бригада командирі подполковник Талғат Мәжімбековтің жетекшілігімен командалық құрам оқу процесін ұйымдастыру мен әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өткізді. Әскери міндеттілер атыс даярлығы бойынша жаттығуларды сәтті орындап, штаттық қарудан оқу және бақылау атыстарын жүргізді. Жауынгерлік үйлесім кезеңінде жеке құрам стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету мен қорғау, сондай-ақ қала жағдайына жақын ортада шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру іс-қимылдарын пысықтады.

  Оқу-жаттығу барысында шартты жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, өртті сөндіру, жергілікті аумақты тінту және ұсталғандарды алып жүру міндеттері де қосымша пысықталды. Оқу-жаттығулар жалпы тоқтату туралы шартты белгі берумен аяқталып, одан кейін бөлімше командирлері қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндап, қару-жарақтың жай-күйін тексерді.

  Бригада командирі подполковник Талғат Мәжімбековтің айтуынша, мұндай жиындар жауынгерлік машықтарды тексеріп қана қоймай, әрбір әскери міндеттіге оның басты азаматтық борышы — Отан қорғаушысы болу екенін еске салады.

  Жиынның қорытынды кезеңімен Түркістан облысы әкімінің қорғаныс және әскери қауіпсіздігі жөніндегі көмекшісі полковник Амантай Акимкулов танысты. Сапар барысында ол далалық тұрмыс жағдайының ұйымдастырылуын қарап, оқу-жаттығуға қатысушылармен тілдесіп, олардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

— Бригада басшылығы кәсіби деңгейде жақсы жұмыс атқарды, оқу үдерісі сауатты ұйымдастырылған. Практикалық іс-қимылдарды пысықтау барысында әскери міндеттілер лайықты нәтиже көрсетті, — деп атап өтті полковник Амантай Акимкулов.

  Айта кету керек, жиыннан өту кезеңінде әскери міндеттілердің негізгі жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Сонымен қатар, олар ақшалай өтемақымен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етіледі.

 

12 июня 2026
ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 16 маусым күні 09:30-да басқармалар үйі 2-қабат, облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.

Байланыс: 8 778 536 24 75

Эл.почта: a.nauryzbekova@ontustik.gov.kz

 

19 мая 2026
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

     Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы – Бурлибаев Санжар Таскинбаевич 2026 жылдың 9 маусымда сағат 16:00-18:00 да азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

     Тіркеу 8(725 33) 5-84-59; 5-97-31; байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

05 мая 2026
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында 2026 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 14.05.2026 ж - 26.06.2026 жыл аралығында жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы