ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Түркістан қаласы 04.06.2025 жыл
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы, 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының 2025 жылғы 3 сәуіріндегі №03-03-01/20 н/қ «Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес,Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының қызметіне 2025 жылдың 21.04.2025-04.06.2025 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылдың 04 маусым күні.
Ішкі талдау қамтыған кезең: 2024-04.06.2025 жылдар аралығы.
Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасында және басқарманың қарауындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы-ның 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;
- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;
- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;
- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N127 «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңы;
- ҚР Президентінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №718қ «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру туралы» Жарлығы.
- ҚР Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулы;
- ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 «Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру бекеттерiн құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188–V «Азаматтық қорғау туралы» Заңы.
- ҚР 1997 жылғы 16 маусымындағы №127 «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңы.
- ҚР 2012 жылғы 16 ақпанындағы №561–ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы.
|
Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы облыс әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымындағы №118 Қаулысымен құрылды. 2023 жылы біріңғай бюджеттік классификатор қазан айында алынып, сол айда қаржыландыру жоспары бекітілді. 2024-2025 жылдары қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік сатып алу порталы қызмет көрсету конкурстары ашылып жұмыстар атқарылуда. |
Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1)персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды, қазіргі таңда 7 штат бірлігі бар. Соның ішінде кадрлардың ауысуы орын алмаған.
Жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бөлімінде үш бірлік бар, оның екі бірлігі бас маман. Бөлім басшысы 2023 жылдың 1 тамыз айынан №3 бұйрығымен жұмысқа қабылданған. Бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда, бөлім басшысы облыс бойынша жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша есебін белгіленген мерзімде дайындалуын қадағалау, бөлімге қатысты мәселелер бойынша облыстық деңгейде өткізілетін негізгі іс-шаралар тізбесін жасайды, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша жоспарларына өзгерістер енгізеді. Екінші маман 2023 жылдың 1 тамыз айынан №4 бұйрығы негізінде қызметке қабылданған. Бас маман қызметкеріне басқарманың мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бөлімінде комиссиялардың жұмысын, азаматтарды әскери қызметке шақыруды үйлестіру және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша міндеттер жүктелген. Үшінші маман 2024 жылдың 13 маусым айынан №03-03-03/58 бұйрығы негізінде жұмысқа қабылданған. Бас маман міндеттеріне «Түркістан облысы аумақтық қорғаныс әскери бригадасының» жалпы жұмыстарын қадағалап және жүргізілуін үйлестіру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асыру тағы басқа міндеттер жүктелген.
Әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімі: үш бірлік, оны екі бірлігі бас маман. Бөлім басшысы 2023 жылдың 1 тамыз айынан №1 бұйрығымен жұмысқа қабылданған. Бөлім басшысы жалпы жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы оның ішінде облыста азаматтық қорғау бағытындағы жұмыстар бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын орындалуын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру. Бас маман қызметкерлеріне өзгертулерді ескере отырып, бекітілген бюджеттік бағдарламаларын, бюджеттік қаржылық жоспарлау өтінімі және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталу барысын бақылауды іске асыру жөніндегі бас маман-есепшісі 2023 жылдың 25 қыркүйегінен №52 бұйрығымен жұмысқа қабылданды. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстық рәсімдердің уақытылы өтуін қадағалау, мемлекеттік сатып алудың белгіленген тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бас маман 2023 жылдың 29 қыркүйегінен №54 бұйрығымен жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар облыс аумағында төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу және ескерту бойынша тиісті мемлекеттік мекемелермен, органдармен жұмысты үйлестіреді.
Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасына қарасты облыстық жинақтау бекетінің басшысы Есимбеков Сергали Абжалиевич. Бұл мекемеде 1 басшы, 3 бірлік методист, 4 бірлік статист, 11 бірлік инспектор, 6 бірлік инструктор, 3 бірлік еден жуушы және 3 бірлік қарауыл жұмыс атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 1 сәуір кезеңінен бері мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқармада мемлекеттік қызмет көрсету функциясы көзделмеген;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру–басқармада рұқсат беру функциясы жоқ;
5) бақылау функцияларын іске асыру–басқармада функциясы жоқ;
6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер–жоқ;
7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері–басқармаға қатысты тексерістер 01.01.2024 жылдан – 01.04.2025 жылдар аралығында жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері–басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түспеген;
10) прокурорлық қадағалау актілері–прокурорлық кадағалау актілері бойынша жемқорлық мәселелері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) сот актілері– басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Ауыл әкімшілігінен шақырылғын әскери міндеттілердің тізімін (аты-жөні толық көрсетілген тізімі) жасап, міндеттілердің тізімі жасақталып аудандық қорғаныс бөлімдеріне келген кезінде, белгісіз себептермен кеміп кетуде. Осы тұста сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі болуы мүмкін.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін жою мақсатында облыстық цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына хат жазып, ауыл әкімшілігі мен аудандық қорғаныс бөлімдері әскерге шақырушылардың бірлескен тізіміне цифрландыруды ұсыну. Осы ақпараттық жүйеге енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін азайтады.
Жұмысшы топ құрамы:
Бурлибав Санжар Таскинбаевич -
Басқарма басшысы, жұмыс тобының басшысы; ______________________
Сарыбеков Ербол Омирбекович -
әкімшілік-құқықтық және азаматтық
қорғау бөлімінің бөлім басшысы,
жұмыс тобының мүшесі; ______________________
Балтабаев Нурлан Абдурашитович,
жұмылдыру даярлығы және аумақтық
қорғаныс жөніндегі бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі; ______________________
Хожахмет Асылхан Сұлтанұлы –
әкімшілік-құқықтық және азаматтық
қорғау бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі; ______________________
Наурызбекова Айсулу Дуйсенбаевна
әкімшілік-құқықтық және азаматтық
қорғау бөлімінің бас маманы-есепшісі,
жұмыс тобының хатшысы. ______________________