Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы  қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша

 

 

                                ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

    Түркістан қаласы                                                                     13.05.2024 жыл

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы,  5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Түркістан  облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының 2024 жылғы 28 наурызындағы №03-03-01/24 н/қ «Түркістан  облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес,Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының қызметіне 2023-2024 жылдар бойынша 2024 жылдың 05.04.2024-21.05.2024 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Бурлибаев Санжар Таскинбаевич  - Басқарма басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Сарыбеков Ербол Омирбекович -  әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімінің бөлім басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Балтабаев Нурлан Абдурашитович -жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

Хожахмет Асылхан Сұлтанұлы – әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі.

Наурызбекова Айсулу Дуйсенбаевна - әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы.

 Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2023 жылдың 05 сәуір күні.

 Ішкі талдау қамтыған кезең: 01.10.2023-01.04.2024  жылдар аралығы.

 

 

Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасында және басқарманың қарауындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

          Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы  № 3186 Өкімі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы-ның 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы  31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N127 «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңы;

- ҚР Президентінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №718қ «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру туралы» Жарлығы.

-  ҚР Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулы;

-  ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы  № 746 «Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру бекеттерiн құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

-   ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188–V «Азаматтық қорғау туралы» Заңы.

          Түркістан  облысының   жұмылдыру  даярлығы, аумақтық  қорғаныс  және азаматтық қорғау басқармасы облыс әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымындағы №118 Қаулысымен құрылды. 2023 жылы біріңғай бюджеттік классификатор қазан айында алынып, сол айда қаржыландыру жоспары бекітілді. 2024 жылы қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік сатып алу порталы қызмет көрсету конкурстары енді ашылуда.

 

          Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1)персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды, қазіргі таңда 1 бос лауазым бар.

Басқарма басшысы 2023 жылдың 14 тамызынан бері тұрақты қызмет атқаруда.

Жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бөлімінде үш бірлік бар, оның екі бірлігі бас маман біреуі вакант. Бөлім басшысы 2023 жылдың 1 тамыз айынан №3 бұйрығымен жұмысқа қабылданған. Бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда, екінші маман 2023 жылдың 1 тамыз аынан №4  бұйрығы негізінде қызметке қабылданған. Бас маман қызметкеріне басқарманың мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бөлімінде комиссиялардың жұмысын, азаматтарды әскери қызметке шақыруды үйлестіру және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша міндеттер жүктелген.

Әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімі: үш бірлік, оны екі бірлігі бас маман. Бөлім басшысы 2023 жылдың 1 тамыз айынан №1 бұйрығымен жұмысқа қабылданған. Бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда. Бас маман қызметкерлеріне өзгертулерді ескере отырып, бекітілген бюджеттік бағдарламаларын, бюджеттік қаржылық жоспарлау өтінімі және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталу барысын бақылауды іске асыру жөніндегі бас маман-есепшісі  2023 жылдың 25 қыркүйегінен №52 бұйрығымен жұмысқа қабылданды. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстық рәсімдердің уақытылы өтуін қадағалау, мемлекеттік сатып алудың белгіленген тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бас маман 2023 жылдың 29 қыркүйегінен №54 бұйрығымен жұмысқа қабылданды. Бұл мамандар жүктелген міндеттерін тұрақты қызмет атқаруда.

Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасына қарасты  облыстық жинақтау бекетінің басшысы Есимбеков Сергали Абжалиевич. Бұл мекемеде 1 басшы, 3 бірлік методист, 4 бірлік статист, 11 бірлік инспектор, 6 бірлік инструктор, 3 бірлік еден жуушы және 3 бірлік қарауыл жұмыс атқаруда.    Облыстық жинақтау бекетінде, аудандық шақыру комиссияларында әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізгенде азаматтарды әскери қызметтен заңсыз босату, болмаса әскери қызметке жарамсыз адамдарды шақыруы мүмкін, осы салада сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері бар.

2) мүдделер қақтығысын реттеу – 2023 жылдың 1 тамызынан  2024 жылдың 1 мамыр кезеңінен бері мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру–басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру–басқармада 2024 жылдың 1 тоқсан бойы бақылау функциясы іске асырылмаған;

Талдау нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер–жоқ;

7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері–басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері–басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түсаеген;

10) прокурорлық қадағалау актілері–прокурорлық кадағалау актілері бойынша жемқорлық мәселелері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері– басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

                                       Қорытынды және ұсыныстар:

          Медициналық комиссиялар жұмысын цифрландыру, аурулардың белгілерін тізіп ақпараттық бағдарлама жасау арқылы, ол тәуекелдерді жоюға болады.

 Жұмысшы топ құрамы:         

Бурлибав Санжар Таскинбаевич  -                

Басқарма басшысы, жұмыс тобының мүшесі;    ______________________

 

Сарыбеков Ербол Омирбекович -                 

әкімшілік-құқықтық және азаматтық

қорғау бөлімінің бөлім басшысы,

жұмыс тобының мүшесі;                                       ______________________

 

Балтабаев Нурлан Абдурашитович,

жұмылдыру даярлығы және аумақтық

қорғаныс жөніндегі бөлімінің бас маманы,

жұмыс тобының мүшесі;                                       ______________________

 

Хожахмет Асылхан Сұлтанұлы –      

әкімшілік-құқықтық және азаматтық

қорғау бөлімінің бас маманы,

жұмыс тобының мүшесі;                                      ______________________

 

Наурызбеква Айсулу Дуйсенбаевна

әкімшілік-құқықтық және азаматтық

қорғау бөлімінің бас маманы-есепшісі,

жұмыс тобының хатшысы.                                   ______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас талдау
Дата публикации
21 июня 2024