Талапты ауыл округінің 2026 – 2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Талапты ауыл округінің

2026 – 2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Ақпан   айы

 Талапты ауыл округінің 2026-2028 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

Талапты ауыл округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2026 жылдың 1ақпанға халық саны 5 236 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 35 712 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 12588  гектар, оның ішінде егістік көлемі 4 480  гектар, жайлымдық көлемі 8 099  гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 5 247 бас, қой мен ешкі 1 2016  бас, жылқы 2 123 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 11  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 483 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны 11

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

2026  жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 85 000,0 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 28 215,0  тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 69 049,0  теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851,0 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 4 325,0 теңге.

2026-2028 жылдарға арналған ауыл округінің

бюджетінің негізгі параметрлері

Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

   Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2026-2028 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы   №32/183-VIII  шешімімен бекітілді.

 

2026-2028 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2026жыл

2027 жыл

2028 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

86 314,0

87 083,0

87 707,0

Салықтық түсімдер

16 278,0

17 013,0

17 610,0

Салықтық емес түсiмдер

135,0

141,0

145,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

69 279,0

69 279,0

69 279,0

Ағымдағы мақсатты трансферттер

0

0

0

Субвенция

69 279,0

69 279,0

69 279,0

Шығындар, оның ішінде:

86 314,0

87 083,0

87 707,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

69 279,0

69 279,0

69 279,0

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде:

5 200,0

4 637,0

4 637,0

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

5 200,0

4 637,0

4 637,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

300.0

0

0

 

2026-2028 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауыл округі бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2026-2028 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2026 жылы ауыл округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 86 314.0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

          Бұл сала бойынша 2026 жылға, елдімекендердегі көше жарықтарының электр энергиясы шығынына 5 200,0 мың теңге, Мемлекеттік органның күрделі шығыстары мекемеге қажетті Ту және герб сатып алуға 300,0 мың теңге қаралған.

                   

 

Дата публикации
30 апреля 2026