Шілік ауыл округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

  Шілік ауыл округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

   Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

 

 

  Шілік ауыл округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2647 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 32500 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 26818  гектар, оның ішінде егістік көлемі 1489  гектар, жайлымдық көлемі 25329 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 3813 бас, қой мен ешкі 28447  бас, жылқы 1028 бас түйе 960 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  34 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 142 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны 52

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

 2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 28215  тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 57853  теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43407 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3692 теңге.

 

2024-2026 жылдарға арналған ауыл округінің бюджетінің негізгі параметрлері

Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

  Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2024-2024 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы  27 желтоқсан   №11/63-VIII  шешімімен бекітілді.

 

2024-2026 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

92 923

 92 923

92 923

Салықтық түсімдер

17 668

17 668

17 668

Салықтық емес түсiмдер

580

580

580

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

74 675

74 675

74 675

Ағымдағы мақсатты трансферттер

26 959

26 959

26 959

Субвенция

47 716

47 716

47 716

Шығындар, оның ішінде:

92 923

92 923

92 923

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

75 693

75 693

75 693

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

17 230

17 230

17 230

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

4000

4000

4000

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

2900

2900

2900

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

3040

3040

3040

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (жергілікті қаражат есебінен

 

 

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

7290

7290

7290

 

2024-2026 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 Ауыл округі бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

                  Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 

             Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

       2024 жылы ауыл округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 75 693 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

            Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

            Бұл сала бойынша 2024 жылға, елдімекендердегі көше жарықтарының электр энергиясы шығынына 4000,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 2900,0 мың теңге, елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға  3040,0  мың теңге  қаралған.

Дата публикации
16 апреля 2024