ШӘУІЛДІР АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

ШӘУІЛДІР АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Шәуілдір ауыл округі әкімі аппараты жоспарлы жұмыстарды ҚР Президентінің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудан бастады. 2023 жылға салықтар мен басқа да түсімдерден бекітілген жоспар 55560,0 мың теңге болса, жоспар-62907,8 мың теңге болып, 7347,8 мың теңгеге артық орындалды.

                        Ауыл округі аумағындағы ішкі көшелерді жөндеу.

               2023 жылдың 9 айында аудандық бюджеттен  4 көшеде  жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда С.Өтебеков, А.Махамбетов, К.Момбеков көшелеріне асфальт төселді, Жібек Жолы даңғылы ағымдағы жөндеуден өтті.  Жыл соңына дейін Ж.Жанұзақов көшесінің бұрылысы асфальттанады. Сонымен қатар, Т.Бозшабаев, Н.Оңдасынов, С.Құрманбеков, Қ.Сәтбаев, Ф.Садықбекқызы көшелері жөндеу жұмыстары 2023 жылдың соңында басталып, 2024 жылы аяқталады деп жоспарланды.

        Ауыл округі бюджетінің есебінен Кенесары көшесінің аяқ жағына, Д.Алтынбеков көшесі мен М.Әуезов көшесінің арасын қосатын аты жоқ (аурухана қоршауының батыс жақ беті) көшеге, Арғынбеков даңғылы бұрылысына (Ханзада дүкенінің тұсы), М.Әуезов көшесі мен Д.Құрманбеков көшелерін қосатын аты жоқ көшеге, Д.Алтынбеков көшесінің бұрылысына (Колледжге қарсы бет), С.Құрманбеков көшесінің бұрылысына тас төселіп, Т.Кенжалиев каналынан өтетін көпірге жақтаулар орнатылып, жол белгілері қойылды.    

                                                   Көшелерді жарықтандыру

            2023 жылдың 9 айында аудандық бюджет есебінен  М.Әуезов көшесі жарықтандырылды. Сонымен қатар А.Құлбатыров және Қ.Төлбасиев көшелеріне де жарықтандыру жұмыстары басталды. Ауыл округінің бюджетінен 14 көше жарықтандырылды. Атап айтар болсақ, Алатау батыр, К.Тәжібекова, А.Диханбаев, М.Ыбыраев, Көкжайлау, Қ.Жақсылықова, Е.Әнетбеков, Қ.Дүтбаев, Қ.Мұңайтпасов, Ж.Шәймерденов, Т.Әубәкіров көшесінің аяқ жағы, Ш.Уалиханов, А.Құрманбаев, Ә.Қаныбеков көшелеріне жарық жүргізілді.      

                                                                  Абаттандыру жұмыстары

        2023 жылдың 9 айында аудандық бюджет есебінен Р.Әбдірайымов көшесінің аяқ жағынан кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасы салынды. Бұрын салынған, бірақ уақыт есебінен тозған 7 ойын алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

       Демеушілер есебінен Жамбыл атындағы лицей аумағының футбол алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді.  

Н.Оңдасынов көшесінің бойына  ұзындығы 400 метр болатын жасыл желек егілетін жер қоршалынды.  

Жібек Жолы даңғылы бойындағы (Аудандық мұрағаттың тұсынан бастап) тау тастарынан өрілген аяқ жолды асфальттау және Ж.Жақсыбаев атындағы канал бойымен Казпошта ғимаратына баратын аяқ жол бойын жарықтандырылып, брусчатка тастарымен өріліп, жаңартылуға ұсынылды.

                Ауыл округіндегі  санитарлық тазалық жұмыстары . 

           Шәуілдір ауылында орналасқан 78 көшенің бойында 1646 отбасы  тұрады.   Барлық көпқабатты үйлер тұрғындары  мен  орталық көшелер бойында орналасқан кәсіпкерлік құрылымдардың   тұрмыс қалдықтары «Жамбыл»  жеке кәсіпкерлігі арқылы айына 3 рет алынып тұр.  

           2023 жылдың 9 айында жаңадан 7 қоқыс алаңшасы салынып, 3 қоқыс алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қоқыс алаңдарына баратын аяқ жол салынды.  Қосымша 20 қоқыс салатын контейнерлер алынатын болады. Сонымен қатар тазалықты сақтау мақсатында  2955 адамның қатысуымен 14 рет сенбілік өткізілді.

                                 Ауыл округі аумағына тал көшеттерін егу.

          Ауыл округі аумағына тал көшеттерін отырғызу бойынша  2023 жылдың жоспары 1200 тал болса, көктемде 700 түп  тал көшеттері егілді. Осы күзде тағы да 500 түп тал көшеттері егіледі.  Тал көшеттері негізінен   Арыс жағалауындағы абаттандырылған аумаққа және   Н.Оңдасынов көшесі бойындағы арнайы дайындалған аумаққа егілді. Сонымен қатар мектептер мен балабақшалар, басқа да мекемелер, Отырар-Қызмет мекемесі өздерінің көгалдандыратын аумақтарына басқа да тал көшеттерін отырғызған болатын. Күзде олар тарпынан да қосымша тал көшеттері егілетін болады.

                          Абаттандыру жұмыстары

           2023 жылдың 9 айында  арнайы қаражат қаралып   барлық саябақтар аумағындағы құмыраларға, Жібек Жолы даңғылы бойынағы арнайы белгіленген аумақтарға  гүл көшеттері егілді,  Жібек Жолы даңғылы бойындағы 3 ротонданың диодты жарықшамдары ауыстырылды.

          Жоспарды көтеру есебінен Арыс жағалауы демалыс аймағына  қосымша бағаналар орнатып, жарықтандыру жұмыстары және Ардагерлер саябағы мен Арыс жағалауы демалыс аймағына бақылау камералары орнатылады.

           Және де Т.Бозшабаев көшесінің Д.Алтынбеков каналы арқылы өтетін жеріндегі көпірге жаяу жүргіншілер жүретін аяқжол салынып,  жақтауына темір қоршау орнатылатын болады.

           М.Әуезов көшесіндегі көпқабатты үй алдындағы балалар ойын алаңшасы күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

            Барлық көп қабатты үйлер алдындағы кіші футбол алаңдарының резина төсеніштерінің бүлінген жерлері жаңартылады.

Құрметті  ауыл тұрғындары,  енді 2024  жылы атқарылатын

жұмыстарға тоқталсақ.

 

        2024 жылы  ауыл округінде   біршама жұмыстар атқарылады деп жоспарланып отыр. Ф.Садықбекқызы көшесі бойынан, М.Әуезов көшесі бойынан, Ұ.Арғынбеков көшесі бойынан, Б.Төребеков көшесі бойынан балалар ойын алаңшаларын салу үшін жер телімдерінің құжаттары заңдастырылып, Ойын алаңшаларын салу үшін аудандық бюджетке қаржы қарауға ұсынылды.

         Ауыл округі бюджетінің есебінен есебінен М.Әуезов көшесінің аяқ жағындағы аты жоқ көшеге, Р.Әбдірайымов көшесінің аяқжағындағы тас төселмеген аумаққа, Отырар -2050 мекемесінің қоршауының шығыс жақ бетімен Қ.Төлбасиев көшесінен басталып, Дулыға көшесіне қосылатын аты жоқ  көшеге тас төсеу және Бозінген, Достық  көшелеріне асфальт басылатын болады.

         2024 жылы  аудандық бюджет есебінен Т.Бозшабаев, Р.Нәлібаев, Ф.Садықбекқызы көшелері жарықтандырылады.

          Ауыл округі бюджеті есебінен Ә.Смайлов көшесінің бас жағы, Абай көшесінің бас жағы, К.Момбеков көшесінің бас жағы, А.Махамбетов, С.Өтебеков, С.Нарбекұлы және У.Қамбарбеков пен А.Кенжеков көшелері жарықтандырылады деп жоспарлануда.  Алдағы уақытта қаражаттың үнемделуіне байланысты тағы да басқа көшелер жарықтандырылуы мүмкін.

          Ал, гүл егу, тал егу сияқты  жыл сайынғы қайталанып істелетін жұмыстар өз ретімен атқарыла беретін болады.

 

Дата публикации
18 апреля 2024