Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы, қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызды кепілі.
Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, сондай-ақ мемлекеттің құрылымы мен басқару қағидаттары айқындалады.
📌 Конституцияның маңызы неде?
🔹 Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болады.
🔹 Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын нығайтады.
🔹 Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға ықпал етеді.
🔹 Азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Конституцияны білу және құрметтеу – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің көрінісі. Заңды сақтау, өз құқығын білу және өзгенің құқығын құрметтеу – дамыған қоғамның басты белгілері.
Конституцияны құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершілік!
Адамдар арасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен сенім бар жерде татулық орнайды. Достық — жүректерді жақындастыратын құндылық болса, келісім — ортақ мақсатқа жетелейтін күш.
Қазіргі заманда бір-бірін тыңдай білу, пікірге құрметпен қарау аса маңызды. Келіспеушіліктерді сабырмен, ақылмен шешу — қоғамның кемелдігін көрсетеді. Ал татулық сақталған ортада даму да, тұрақтылық та болады.
Қазақстан — сан түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан ел. Біздің басты байлығымыз — ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен келісім. Осы құндылықтарды сақтау әр азаматтың ортақ міндеті.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде. Платформаның негізгі мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Balazhan» балалар мен олардың отбасылары туралы ақпарат жинауға қатысты жаңа талаптар енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және әртүрлі ақпараттық жүйелерде жүргізіп келген мәліметтер енді бірыңғай цифрлық платформада жинақталады.
Бастапқы мәліметтер платформаға бір рет енгізіліп, кейін тек қажеттілігіне қарай жаңартылады. Бұл құжат айналымын азайтып, педагогтердің жұмысын жеңілдетуге және мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді.
«Balazhan» – Ұлттық білім беру деректер қорының модулі болып табылады. Балалардың дербес деректерінің қорғалуы заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Жаңа жүйе қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз сүйемелдеуге және оларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Түркістан облысында әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған "Қауіпсіздік коды: 102-111-150" акциясы өтті. Акцияға 800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылып, профилактикалық есепте тұрған 302 тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 27 тұлға профилактикалық есепке қойылды. Оның ішінде 21 адамға қорғау нұсқамасы шығарылып, 3 тұлғаға ерекше талап белгіленді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері үй аралау барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған 16 отбасын анықтады. Оларға психологиялық, құқықтық, материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетілуі ұйымдастырылды.
Мәселен, Созақ ауданында қиын жағдайдағы отбасының сынған терезесі қалпына келтіріліп, қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілді. Тағы бір отбасыға жұмыспен қамту шаралары ұйымдастырылып, азық-түлік көмегі көрсетілді. Үй аралау кезінде әйелін балағаттап, отбасында жанжал шығарған азамат та анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қорғау нұсқамасы шығарылды.
Акция аясында полиция мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп профилактикалық кездесулер мен заңгерлік кеңестер ұйымдастырды. Облыстағы LED-экрандарда 102, 111 және 150 сенім телефондары туралы ақпараттар көрсетіліп, мектептерде, базарлар мен ойын-сауық орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға 1400-ге жуық жаднама және 150-ге жуық визит картасы таратылды. Полиция азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, қауіп төнген жағдайда 102, 111 немесе 150 нөмірлеріне хабарласуға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Достық – адамдарды жақындастыратын, ал келісім – қоғамды біріктіретін құндылық.
Бір-бірімізді құрметтеп, түсіністік пен татулықты сақтай білейік. 🌿
💙 Бірлік бар жерде – береке бар!
🤝 Достық бар жерде – қуаныш бар!
🌍 Келісім бар жерде – жарқын болашақ бар!
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті. Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан-Германия су хабын құру мәселесі қаралды. Бұл – технологиялар алмасуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және пилоттық жобаларды дамытуға арналған платформа, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Су хабын құру туралы ұсыныс Берлинде өткен «Қазақстан Республикасы – Германия Федеративтік Республикасының су саласындағы стратегиялық әріптестігі: жаңа деңгей» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында таныстырылған болатын. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы хаб тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат су саласындағы 300-ден астам компанияны біріктіретін German Water Partnership (GWP) неміс қауымдастығына келісу үшін жолданды.
Айта кетейік, былтыр қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен GWP су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын.
Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.
Оның айтуынша, науқан былтырғы қарқыннан тез жүргізілуде. Еліміздегі жалпы егін жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның 15,6 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі.
2024 жылдан бастап майлы дақылдар 2,2 млн гектарға ұлғайтылды, содан бергі екі жылда жүгеріге өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қосымша 120 мың гектар бөлінді. Жалпы құрылымдағы майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.
«Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды, орташа өнімділік – гектарынан 14,7 центнер. Осы кезеңде 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі орташа көпжылдық мәндерден жоғары болады деп болжануда, бұл ішкі нарықты астықпен, жем-шөп пен тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді», – деп баяндады Азат Сұлтанов.
Бір-бірімізді құрметтеп, түсіністік танытып, мейірімділікпен әрекет ету арқылы қоғамымызды одан әрі нығайтамыз. Бірлік бар жерде – бейбіт өмір, өзара сыйластық пен жарқын болашақ бар. Татулықты бірге сақтап, достықты бірге дәріптейік!
Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, зиянды ортадан аулақ болу және жақындармен ашық сөйлесу – тәуелділіктің алдын алудың тиімді жолдары.
Егер сізге немесе жақыныңызға көмек қажет болса, маманға жүгінуден ұялмаңыз. Ерте көмек – үлкен мәселенің алдын алады.
Алкогольден бас тарту – саналы таңдау!
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылындағы «Sozaq Group» ЖШС-нің өндірістік цехын аралап, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Жаңа өндіріс орны 2026 жылы іске қосылып, жобаға 250 млн теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 34 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда бұл кәсіпорында 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өндіріс қуаттылығы мен өнім түрлері:
Кәсіпорын негізінен аудандағы ірі тау-кен кәсіпорындарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, цех жылына төмендегідей өнім шығаруға қауқарлы:
Тұрмыстық қолғаптар: 876 мың дана
Арнайы киімдер: 25 мың дана
Жұмыс шұлықтары: 25 мың жұп
Жұмыс киімдері: 10 мың дана
Арнайы жамылғылар: 5 мың дана
Нысанды аралау барысында өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыруды, өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстауды және халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған өзге де жобалармен танысып, кәсіпкерлермен жүздесті.