Маяқұм ауыл округі бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар.

 

Маяқұм ауыл округі бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар.

Ауыл шаруашылығы саласы

Биылғы жылы берілген тапсырмаға сәйкес ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 3485,1 га жоспарланған болса  3485 га   100 пайыз, негізгі капиталға

тартылған инвестиция 379,4 тг жоспарланған  болса 603,5 тг болып 159,1 пайызға, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына салынған инвестиция 35,3 тг жоспарланып 10,0 те болып 28,3 пайызға орындалды.

.

Ауыл тұрғындарының малдарына жайылымдық жердің аздығына байланысты Маяқұмда 1603,5 га, Бестамда 200,4 га, Қостеректе 293,3 га ортақ жайылымдық жердің мемлекеттік актісі алынды, енді 1710 га жерді алу үшін  құжаты әзірленуде. 

        

7 ауыл шаруашылық техникасын жаңалау жоспарланып  6 трактор, 1 лазерлік жер тегістеу  техникасы алынды. 

Облыс әкімінің тапсырмасына байланысты «Ауыл-аманаты» бағдарламасы аясында  «Фараби-2023»  селолық тұтынушылар кооперативі құрылып, несие алуға 63 адам құжат дайындады, оның 37-сі кооперативке мүше болып тіркелді, 29 азамат 163,600  тг қаржысын алды, облысқа 6 құжат өтті, ауданда 6 құжат, құрылыс сәулет, кадастр бөлімдерінде 13 құжат қайта рәсімделуде.6-шы бағыт бойынша 1 көлік жөндеу бекеті, 1 жаңбырлатып суару, 1 электрмен дәнекерлеу   бойынша құрал жабдықтары алынып жұмыс жасауда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер алған қаржыларына 161 бас жылқы, 1 бас асыл тұқымды сиыр алды. 12 кәсіпкер алған қаржыларына мал алу үшін жұмыс жасауда.

Әлеуметтік сала

Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы құжат өткеріп 2 500,0 несие алды. Қазір мал бордақылаумен айналысуда.

                   «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орынын құру» тапсырмасына сәйкес ауыл округі бойынша 50 азамат жаңа жұмыс орнымен, маусымдық жұмыстарға  51 азамат тартылды. «Бизнес бастау» жобасы аясында 2 азамат 2 760 000 тг несие алды.

                        

Абаттандыру көгалдандыру көріктендіру саласы

     Маяқұм  ауыл  округінде 2023 жылдың  көктем  айларында  егілген  1790  тал  көшеттерінің  1363-і  құтайып,  4-5  ретттен суарылды. 2023 жылдың күз айларына  500 дана тал көшеттері егілді

        Маяқұм ауылы ішіндегі 28 электр желісінің бағаналары, 1 трансформатор жаңартылды.

       Бестам ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су жүйесі жүргізілуде.

       Бестам ауылы Н.Иманов көшесіне  жарықтандыру жүргізілді.

       2023 жылы Қостерек елді мекеніндегі Н.Оспанов көшесі 1252 метр 20,1 млн теңгеге асфальтталды. Әліпбек ата көшесіне 250 метр 945,0 мың теңгеге жергілікті бюджеттен тас төселді, Қ.Шалабаев көшесіне 800 метр 9,248 мың тас төселді. Маяқұм елді мекеніндегі  Қ.Сұлтанбаев көшесі республикалық бюджеттен 1150 метр 24,998 млн теңгеге асфальт төселді, Ә.Майданов көшесі  1070 метр 3,470 мың теңгеге жергілікті бюджеттен  орта жөндеуден  өткізілді. К.Сапахов көшесіне 730 метр 8,814 мың теңгеге тас төселді.

Б.Қарабаев көшесіне 900 метр жарықтандырылд.

       Маяқұм ауылы орталығынан 20 соттық жерге балалар ойын алаңшасы құрылысы пайдалануға берілді.

     Ө.Жәнібеков,С.Сейтбеков, И.Қыдырбаев көшелеріне 1300 метр аяқ жол құрылысы жүргізілді .

      1977 жылғы туылған азаматтар өз қаражаттары есебінен Маяқұм ауылна кіре беріс жол қиылысына Қазақстанның Мемлекеттік Туын , темір трубамен биіктігі 30 метр етіп тұрғызды.

Ауылдың ауылдық ауруханасына ,аудандық мәслихат хатшысы У.Ұзақовтың демеушілігімен ауыз су линясы іске қосылды.

 

 

    

          

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 апреля 2024