Маяқұм ауыл округі бойынша мәдени сала

Маяқұм ауыл округіне қарасты Маяқұм ауылдық мәдениет үйінің

2024 жылға өткізілген3 айлық мәдени іс шаралардың

жазбаша мәліметі

 

 

Қаңтар айы

Қаңтар айының 11 жұлдызы күні, Маяқұм ауылдық мәдениет үйінде

Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл (1904-1973) толуына орай «Сиқырлы

қылқалам» атты сурет салудан байқау өткізілді. Байқауға Ш.Уалиханов мектебінің 6-7-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар сурет салуды

қуанышпен қабылдап, іске ерекше көңілмен кірісті. Өз туған жерлеріне және

Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсірді. Байқаудың

соңында оза шыққан жас суретшіге марапаттау сыйлықтары берілді. Қаңтар айының 27 күні «Жас – талант 2024» мәдени іс-шара жүргізушілер, жас әншілер іріктеу өткізілді. Іс-шараға 8 өнерпаз өз өнерлерін көрсетті. Таланттардың өнерін бағалап, әділ баға беретін әділқазы алқасының төрағасы болып Отырар аудандық Мәдениет үйінен Абдраимов С. сайланды. Өнерпаздардың арасынан талантымен оза шыққан Шекербеков Бекболат басжүлде алды.

 

 

 

Ақпан айы

         15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарығанына 35 жыл «Ауған ардагерлеріне тағызым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ауған соғысының азаматтарының есімдері  аталып, ерліктерін жас ұрпаққа, көрермендерге таныстырылды. Мәдениет  үйінің меңгерушісі  мен  қатысушылар ауған соғысына қатысқан  азаматтардың рухына тағзым етіп,  гүл шоқтарын қойды. 28 ақпан күні КСРО халық әртісі, театр және кино актері, режиссор Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.

 

 

 

 

 

Наурыз айы

           Наурыз айының 1 күні Маяқұм ауылдық Мәдениет үйінде «Алғыс айту асыл қасиет» атты  мерекелік концерт өткізілді.  Алғыс айту күніне орай өткізілген бұл іс-шарада ауыл жастары мен мектеп оқушылары белсенділік көрсетті. Мерекені мәдениет үйінің әдіскері Н.Белгібаев пен кітапхана меңгерушісі Ж.Айтжан жүргізді. Шараны жастар ресурстар орталығының инспекторы М.Толғанбаева ашып, Алғыс күнінің маңыздылығымен, аталып өтілу себебін т.сіндіріп, барша қонақтарды алғыс айту күнімен құттықтады. Шара барысында Ұ.Боранбекова «Алғыс» әнін , С.Махан «Аққу арман» Н.Белгібаев «Найзағай» әндерін жәнеде қазақтың керемет өнерін насихаттап , бұрынғы әжелеріміздің кимешегін киген әжелеріміз халық әндерімен сусындатты. 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған  «Аналар мәңгі жасасын» тақырыбында мерекелік концерт  өткізілді.  Мәдениет үйінің өнерпаз студент жастары аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер орындады. 22 Наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт  өткізілді. Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді" деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Наурыз тек күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес. Бұл бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Наурыз мейрамында жастарымыз әр жерде көкпар, қыз қуу, қазақ күресі секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырып, ән шырқалады, би биленеді, қыз-жігіттер алтыбақан тепті.

 

Дата публикации
16 апреля 2024