ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Құрлықтың басты спорт додасында Қазақстан ұлттық құрамасы 84 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама сапындағы спортшылар 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль иеленді.
Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық құраманың жүлде қоржынына елеулі үлес қосты. Өңірден 35 спортшы спорттың 14 түрінен сынға түсіп, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Азия ойындарынан жүлдемен оралған түркістандық спортшылардың бір тобы бүгін туған жерге табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан халықаралық әуежайынан ел-жұрт ерекше құрметпен қарсы алды. Олардың қатарында дзюдодан командалық жарыста күміс медаль иеленген Айдар Арапов, еркін күрестен қола жүлдегер атанған Едіге Қасымбек және әйелдер күресінен ел қоржынына қола медаль салған Нилуфар Раимова бар.
Жерлестерін қарсы алу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, спорт саласының мамандары, спортшылардың туған-туыстары мен жанкүйерлері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары спортшыларды жеңістерімен құттықтап, олардың жетістігі өңір спортының дамуына серпін беретінін атап өтті.
– Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Жапониядағы Азия ойындарында олжа салған батырларымыз елге оралды. Туған жерге қош келдіңіздер! Облысымыздан 30-дан астам спортшы бақ сынады. Нәтижесінде спортшыларымыз 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында 2 күміс, 2 қола медаль еншілеген болатын. Бүгін міне еліміздің, оның ішінде облысымыздың намысын байрақты бәсекеде қорғаған боз кілем шеберлері дзюдошы Айдар Арапов командалық сайыста күміс медаль еншілесе, еркін-әйелдер күресінен Нильуфар Раймова мен Едіге Қасымбек қола медаль жеңіп алды. Сіздер құрлықтың үздік спортшыларымен сайысқа түсіп, табандылық пен жоғары шеберлік көрсеттіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз бен жүлделеріңіз – тынымсыз еңбектің жемісі мен елімізге жасалған үлкен жетістік. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын желбіретулеріңізге тілектеспіз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Азия ойындарының жүлдегерлері көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, алдағы халықаралық додаларда ел мен өңір намысын абыроймен қорғау үшін бұдан да жоғары нәтижелерге ұмтылатындарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ҮШ ПЕДАГОГІНЕ ЖОҒАРЫ НАГРАДА ТАБЫСТАДЫ
🇰🇿 Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып, ел игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген бір топ педагогке жоғары мемлекеттік наградалар табыстады. Мәртебелі марапатқа Түркістан облысының үш білім саласының өкілі де ие болды.
🏅 Төлеби ауданындағы Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Тагаева Гүлмира Тұрдыбекқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріліп, арнайы төсбелгі табысталды. Бұл – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шәкірт тәрбиесіне сіңірген еселі еңбегінің жоғары бағасы.
🌾 «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің» оқытушысы, «Агроэкология» бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Аханов Дәулетназар Дәулетбаевич «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ғылым мен білімді ұштастыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласына үлес қосып жүрген маманның еңбегі осылайша ел деңгейінде еленді.
🎓 Сондай-ақ, Алма Қожахметова – Қожа
Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты. Ол да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, білім мен ғылым, өнер саласындағы кәсіби қызметі жоғары бағаланды.
👏 Үш педагогтің мемлекеттік наградаға ие болуы – Түркістан облысы ұстаздарының кәсіби әлеуеті мен білім саласына қосып отырған үлесінің айқын көрінісі. Бұл марапаттар өңірдегі барша педагог қауымының еңбегіне көрсетілген зор құрмет деп білеміз.
🌟 Мәртебелі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жолдағы еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі еселене берсін!
#ТүркістанОблысы #ҰстазЕңбегі #МемлекеттікНаграда #ЕренЕңбегіҮшін #ҚазақстанныңЕңбекСіңіргенҰстазы #БілімСаласы
IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында түркі әлемінің жас театр мамандарын бір сахнаға тоғыстырған IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
5-7 қазан аралығында өтетін халықаралық өнер додасына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің жоғары оқу орындарынан студенттер, жетекші оқытушылар мен профессорлар қатысуда.
Фестивальдің ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор, доктор Хүсейн Қараман, университет ректоры Жанар Темірбекова және Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов қатысып, сөз сөйледі.
Фестивальдің қазылар алқасы құрамына түркі әлемінің театр өнері саласындағы білікті мамандар – Марина Юсупова, Ашырмұрат Гұрбанов, Исрафил Исрафилов, Эрай Эсерол және Чынасыл Урматбеков енді.
Фестивальдің алғашқы қойылымын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өнерпаздары ұсынды. Шығармашылық ұжым көрерменге кәсіби шеберлігі мен сахналық мәдениетін танытып, фестивальдің алғашқы күнін мазмұнды қойылыммен ашты.
Түркі әлемінің жас театр мамандарын бір сахнада тоғыстырған халықаралық өнер додасы алдағы күндері де жалғасып, қатысушы оқу орындарының қойылымдары көрермен назарына ұсынылады. Фестиваль – жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-шығармашылық байланысты нығайтып, театр өнеріндегі кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды өнер алаңы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Түркістанда Ұстаздар күні мерекесінде білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Бүгін біз адамзаттың парасат биігін айқындайтын ерекше мереке – Ұстаздар күнін атап өтудеміз! Баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – жай ғана маман емес. Ұстаз – баланың бойына білім мен тәрбие дарытып, елдің ертеңін қалыптастыратын тұлға. Сондықтан ұстазға деген құрмет – болашаққа деген құрмет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаеватап өткендей, елдің басты капиталы – сапалы білім алған, бәсекеге қабілетті ұрпақ. Сондықтан білім сапасын арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінде мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Жаңа мектептер салынып, материалдық база жаңартылуда, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасалды. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, Түркістан облысының ұстаздары мен оқушылары да жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша облысымыздың 4 білім беру ұйымы еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарына енді. Оқушыларымыз халықаралық және республикалық білім додаларында 170 жүлделі орын иеленді. Тарихы терең, рухани құндылықтары биік Түркістанның білім сапасы да жоғары болуға тиіс. Біздің мақсатымыз – әр баланың білімін көтеріп, өздігінен ойлауына және үйренгенін өмірде қолдануына мүмкіндік беру, – деген Нұралхан Көшеров білім саласында жеткен жетістіктерді де баяндап, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
Биыл Түркістан облысының педагогтері «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауында бірнеше рет бірінші орынды иеленді. Сонымен бірге ұстаздар мен шәкірттері «Кітап және цифрлық әлем – STEAM» республикалық инновациялық жобасында, халықаралық ІІІ дәстүрлі «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауында топ жарды.
Айтулы мереке қоғамның өзекті идеялары – «Адал азамат» тәрбиесі, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениеті, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Жаңа Конституция талаптары, сондай-ақ заманауи жасанды интеллектіні білімге енгізу бағыттарымен сабақтаса ұйымдастырылды. Атап өтілген әрбір бағытты жүзеге асыруда білікті де парасатты ұстаздар қауымының атқарар рөлі ерекше.
Өңір басшысы республикалық, облыстық пән олимпиадалары және білім байқауларының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге марапат ұсынды. Олардың ішінде 5 педагог «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, 5 ұстаз ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, 20 ұстазға алғыс хат табысталды. Облыс әкімі тарапынан марапатталған 20 ұстазға 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.
Сондай-ақ Облыстық маслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов 50 педагогке «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы мен алғыс хаттар тапсырды.
Салтанатты жиында облыс өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды. Танымал әнші-бишілермен бірге талантты оқушылар мен балалар да өнер көрсетті.
Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 83 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Орта білім беру ұйымдарында 66 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Педагогтердің 94%-ы (62 928 адам) – жоғары білімді, 4 015 маманның магистрлік дәрежесі бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
В ТУРКЕСТАНЕ ЧЕСТВОВАЛИ ЗАСЛУЖЕННЫХ УЧИТЕЛЕЙ
В Туркестане в честь Дня учителя состоялось торжественное мероприятие «Почет учителю – пример потомкам» с участием работников сферы образования. В праздничном собрании принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, который поздравил всех учителей, самоотверженно трудящихся в сфере образования, с профессиональным праздником.
– Сегодня мы отмечаем особый праздник, определяющий вершину мудрости человечества – День учителя! От всей души поздравляю всех вас с этим праздником! Учитель – это не просто профессия. Учитель – это личность, прививающая ребенку знания и воспитание, формирующая будущее страны. Поэтому уважение к учителю – это уважение к будущему. Как отметил Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, главный капитал страны – это конкурентоспособное поколение, получившее качественное образование. Поэтому повышение качества образования – наша общая задача. Сегодня со стороны государства оказывается большая поддержка сфере образования. Строятся новые школы, обновляется материально-техническая база, создаются условия для профессионального развития педагогов. Эффективно используя эти возможности, учителя и ученики Туркестанской области также показывают хорошие результаты. По итогам прошлого учебного года четыре образовательные организации нашей области вошли в число 100 лучших олимпиадных школ страны. Наши ученики заняли 170 призовых мест на международных и республиканских образовательных состязаниях. Качество образования Туркестана, с его глубокой историей и высокими духовными ценностями, также должно быть высоким. Наша цель – повысить знания каждого ребенка, дать ему возможность мыслить самостоятельно и применять изученное в жизни, – сказал глава региона, рассказав о достижениях в сфере образования и отметив, что все значительные успехи являются плодом кропотливого труда учителей.
В этом году педагоги Туркестанской области неоднократно занимали первые места на республиканском конкурсе исследовательских проектов «Зерде». Вместе с тем учителя и их ученики стали лучшими в республиканском инновационном проекте «Книга и цифровой мир – STEAM», на международном III традиционном конкурсе научных проектов «Зейин-2025».
Знаменательный праздник был организован в контексте актуальных идей общества – воспитания «Честного гражданина», экологической культуры «Чистый Казахстан», принципа «Закон и порядок», требований новой Конституции, а также направлений внедрения современного искусственного интеллекта в образование. В реализации каждого из отмеченных направлений особая роль отводится квалифицированным и мудрым педагогам.
Глава региона вручил награды 30 учителям, подготовившим победителей республиканских, областных предметных олимпиад и конкурсов знаний. Из них пятеро педагогов награждены государственной наградой «Ерен еңбегі үшін», пятеро учителей - медалью «Еңбек ардагері» от Министерства просвещения РК, 20 учителям вручены благодарственные письма. 20 учителям, награжденным от имени акима области, было вручено денежное вознаграждение в размере 200 тысяч тенге.
Также председатель областного маслихата Нуралы Абишов и руководитель управления образования Туркестанской области Галымжан Орынов вручили 50 педагогам нагрудные знаки «Ы. Алтынсарин», «Почетный работник образования», почетные грамоты и благодарственные письма.
На торжественном собрании артисты представили яркую концертную программу. Вместе с известными певцами и танцорами выступили талантливые ученики и дети.
Отметим, в Туркестанской области более 83 тысяч педагогов. В организациях среднего образования работают свыше 66 тысяч педагогов. 94% педагогов (62 928 человек) имеют высшее образование, 4 015 специалистов имеют степень магистра.
Пресс-служба акима Туркестанской области
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
2026 жылдың 8 айының қорытындысымен Түркістан облысында 719 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылып, өсім 107 %-ды құрады. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республика көлемінде 4-орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.
Биыл республика бойынша 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде, 1,25 млн шаршы метрі Түркістан облысының үлесінде. Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқарманың тапсырысымен Түркістан қаласында жалпы құны 16,5 млрд теңгені құрайтын 8 кредиттік тұрғын үй бой көтеруде. Тұрғын үйлер жалпы ауданы 48,2 мың шаршы метрді құрайтын 810 пәтерден тұрады.
Облыс әкімі жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, нысандардағы жұмыстардың белгіленген талаптар мен құрылыс нормаларына сай орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
– Сатып алынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, олардың сапасы мен құрылыс қарқынын арттыруға баса мән беріңіздер. Әрбір нысан бойынша жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, анықталған кемшіліктерді жедел жою қажет. Сондай-ақ арендалық үйлерді сатып алып, дайын үйлерді тапсыру, үйлердің конкурсын уақтылы өткізу, тұрғын үй аумақтарын абаттандыру жұмысымен толық қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударыңыздар, – деді Нұралхан Оралбайұлы
Аппарат мәжілісінде өңірдегі тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысы туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов баяндады. Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 8 кредиттік тұрғын үй тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа жалпы 500-ге жуық адам жұмылдырылып, өндірістік кестеге сәйкес желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Жетісай ауданы әкімдігінің тапсырысымен «сақалды құрылысқа» айналған 120 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Түркістан облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 546 арендалық пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінгі таңда 315 пәтер сатып алынды. Қалған 231 пәтер қараша айына дейін сатып алу көзделуде. Сонымен қатар облыста жалпы құны 29,5 млрд теңгеге 1 533 пәтерлі 37 кредиттік тұрғын үй сатып алу көзделген. Оның ішінде, Түркістан – 1517 пәтер, Келес – 16 пәтер. Бүгінгі таңда 1 098 пәтер сатып алынды. Қалған 435 пәтерді қараша айына дейін сатып алу жоспарланған.
Облыс бойынша жеке салушылар тарапынан жалпы 3 105 пәтерлі 168 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 105 үй тапсырылса, қалған 63 тұрғын үй келесі жылы пайдалануға берілмек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ С НАЧАЛА ГОДА ВВЕДЕНО В ЭКСПЛУАТАЦИЮ 719 ТЫСЯЧ КВАДРАТНЫХ МЕТРОВ ЖИЛЬЯ
По итогам восьми месяцев 2026 года в Туркестанской области введено в эксплуатацию 719 тысяч квадратных метров жилой площади, рост составил 107%. По данному показателю область занимает четвертое место в республике. Об этом было сказано на еженедельном аппаратном совещании под председательством акима области Нуралхана Кушерова.
В этом году по республике предусмотрено ввести в эксплуатацию 20,4 млн квадратных метров жилой площади. Из них 1,25 млн квадратных метров приходится на долю Туркестанской области. В настоящее время по заказу областного управления строительства в городе Туркестане возводятся восемь кредитных жилых домов общей стоимостью 16,5 млрд тенге. Жилые дома состоят из 810 квартир общей площадью 48,2 тысячи квадратных метров.
Аким области поручил ответственным руководителям, акимам районов и городов обратить особое внимание на качество строительных работ и обеспечить выполнение работ на объектах в соответствии с установленными требованиями и строительными нормами.
- Возьмите под контроль строительные работы по жилью, которая будет продаваться, и уделите особое внимание повышению качества работ и темпов строительства. Необходимо постоянно держать на контроле ход работ по каждому объекту и оперативно устранять выявленные недостатки. Также обратите особое внимание на вопросы приобретения арендного жилья, сдачи готовых домов, своевременного проведения конкурсов на дома, полного обеспечения работ по благоустройству жилых территорий, - сказал глава региона.
На аппаратном совещании о ходе работ по жилищному строительству в регионе доложил руководитель областного управления строительства Абай Турханов. По его словам, на сегодняшний день возводятся восемь кредитных жилых домов, ведутся внутренние отделочные работы. На строительство привлечено около 500 человек, в соответствии с производственным графиком сдача в эксплуатацию запланирована на декабрь. По заказу акимата Жетысайского района ведется строительство двух арендных жилых домов на 120 квартир, ставших долгостроем.
В Туркестанской области планируется приобрести 546 арендных квартир для граждан, стоящих в очереди на жилье. На сегодняшний день приобретено 315 квартир. Оставшуюся 231 квартиру планируется приобрести до ноября. Кроме того, по области планируется приобрести 37 кредитных жилых домов на 1 533 квартиры общей стоимостью 29,5 млрд тенге (в Туркестане – 1 517 квартир, Келесе – 16). На сегодняшний день приобретено 1 098 квартир. Оставшиеся 435 квартир планируется приобрести до ноября.
По области силами частных застройщиков ведется строительство 168 жилых домов на 3 105 квартир. В этом году будут сданы 105 домов, оставшиеся 63 дома будут введены в эксплуатацию в следующем году.
Пресс-служба акима Туркестанской области
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОТЫРАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ
Кембридж университетінде «Ортағасырлық Орталық Азиядағы урбанизм мен қала тұрақтылығын зерттеудің археологиялық тәсілдері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Түркістандық ғалымдар халықаралық ғылыми конференцияда Отырар мен оңтүстік өңірдегі ортағасырлық қалаларға қатысты археологиялық зерттеулерінің нәтижесін таныстырды.
Басқосуды Кембридж университетінің «King’s College» жанындағы «King’s Silk Roads» бағдарламасы мен «McDonald Institute for Archaeological Research» институты ұйымдастырды. Ғылыми жиында Отырар қаласы мен бүгінгі Түркістан облысының аумағындағы басқа да ортағасырлық қалалар ғылыми зерттеудің негізгі нысаны болды.
Конференцияға Қазақстаннан белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Мұхтар Қожа, Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың қауымдастырылған профессоры, PhD Бақдәулет Сыздықов, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушысы, PhD Әли Әлімбекұлы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тарих кафедрасының оқытушысы, докторант Шыназ Алмазұлы мен тағы басқа ғалымдар қатысты.
Конференция бағдарламасында Отырар қаласының даму тарихы, Оңтүстік Қазақстанда исламның таралуының алғашқы кезеңдері, Отырар оазисіндегі Қаңлы дәуірі қоныстары, археологиялық картография және қашықтан зондтау, X–XV ғасырлардағы Отырар экономикасы мен сауда байланыстары, жерлеу дәстүрі, су жүйелері, егіншілік пен өсімдік жамылғысы, Күлтөбе қалашығының археологиясы қамтылған. Ғылыми баяндамалар қазақ және ағылшын тілдерінде болды.
Профессор Мұхтар Қожа әріптестерімен бірге «The Discovery of Mihrabs in the Dwellings of Otrar’s Rabad and Questions of the Initial Stage of the Spread of Islam in Southern Kazakhstan» атты зерттеуін ұсынды. Ол баяндамасында 2025 жылы Отырар рабадында жүргізілген археологиялық қазба нәтижесі, тұрғын үйлерден анықталған михрабтар, исламға дейінгі наным-сенімдермен байланысты археологиялық белгілер, қаланың стратиграфиясы және радиокөміртекті зерттеу нәтижелерін айтты. Бұл материалдар Қазақстанда исламның таралуының ерте кезеңдерін археологиялық деректер арқылы нақтылауға мүмкіндік береді.
Бақдәулет Сыздықов Келес аңғарында қалалық мәдениеттің қалыптасу ерекшеліктерін, Күлтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық және пәнаралық зерттеулердің нәтижесін көрсетті. Әли Әлімбекұлы баяндамасында Отырар және Құйрықтөбе археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу орындарының архитектуралық ерекшеліктері мен жерлеу дәстүрлерін талдап, нәтижесін таныстырды. Шыназ Алмазұлы Күлтөбе қалашығындағы археологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары мен нәтижесін таныстырды. Археолог Серік Ақылбек Отырар оазисіндегі Қаңлы кезеңі қоныстарының құрылымы мен олардың кеңістікте орналасу заңдылықтарын талдаған зерттеуін ұсынды.
Ғылыми жиынға Отырар мен Орталық Азияның ортағасырлық қалаларын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар да қатысты. Кембридж университетінің «King’s College» зерттеушісі, археолог доктор Кэти Кэмпбелл Отырардың қалалық даму циклі туралы зерттеуін ұсынды. Сондай-ақ шетелдік ғалымдар археологиялық картография мен қашықтан зондтау, X–XV ғасырлардағы Отырар экономикасы мен сауда байланыстары, егіншілік, су жүйелері және қоршаған орта тарихы туралы баяндамалар жасады.
Қазақстандық ғалымдардың Кембриджге сапары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын, Халықаралық туризм және меймандостық университеті жүзеге асырып жатқан «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» ғылыми бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Іссапардың негізгі мақсаттарының бірі – Кембридж университетінің кітапханалары мен Британ музейі кітапханасының қорларындағы Қазақстан мен Орталық Азияға ислам дінінің енуі мен таралу тарихына қатысты жазба деректерді, қолжазбалар мен архив материалдарды анықтау және зерделеу. Ғалымдар бұрын ғылыми айналымға толық енгізілмеген дереккөздердің ғылыми жоба міндеттерін шешудегі маңызын қарастырды. Түркістан, Отырар және Тараз қалаларындағы тарихи нысандардан алынған зерттеу үлгілерін Кембридж университетінің зертханасына ғылыми-зертханалық талдау жүргізу үшін тапсырды.
Ғалымдар 2025 жылдан бері Отырарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл Отырар қалашығындағы қазба барысында Алтын Орда дәуіріне жатқызылатын мешіт орны, тас төселген көше мен баспалдақ тәрізді құрылымдар анықталып, жерлеу орындары мен түрлі археологиялық жәдігерлер зерттелді.
Бұдан бөлек, профессор Мұхтар Қожа Кембридж университетінде көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп, «Абылай ханның қабірінің зерттелуі» тақырыбында арнайы ғылыми баяндама жасады. Сондай-ақ, ол Кембридж университетінің кітапханасына Оразақ Смағұлұлы, Алмагүл Оразаққызы және өзі бірлесіп жазған «Абылай хан» монографиясын, сондай-ақ «Ортағасырлық Отырар: аңыздар, деректер, зерттеулер» және «Позднесредневековые города и поселения Казахстана» атты ғылыми еңбектерін сыйға тартты.
Іссапар барысында ғалымдар ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаевпен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ғылыми байланысты дамыту, археология және тарих салаларындағы халықаралық зерттеу жобаларын жүзеге асыру, ғылыми деректермен алмасу және академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Кембриджге жасалған іссапар Отырар мен Түркістан облысы аумағындағы ортағасырлық қалалар туралы жинақталған жаңа археологиялық деректерді халықаралық ғылыми ортада талқылауға, шетелдік кітапхана мен архив қорларындағы материалдарды зерттеуге, археологиялық үлгілерді заманауи зертханалық әдістермен талдауға және қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
ТУРКЕСТАНСКИЕ УЧЕНЫЕ ПРЕДСТАВИЛИ В КЕМБРИДЖСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ИССЛЕДОВАНИЯ ОБ ОТЫРАРЕ
В Кембриджском университете прошла международная научная конференция на тему «Археологические подходы к изучению урбанизма и устойчивости городов в средневековой Центральной Азии». Туркестанские ученые на международной научной конференции представили результаты археологических исследований, касающихся Отырара и средневековых городов южного региона.
Организаторами встречи выступили программа King’s Silk Roads при King’s Colleg Кембриджского университета и институт McDonald Institute for Archaeological Research. На научной встрече основным объектом научного исследования стали город Отырар и другие средневековые города на территории сегодняшней Туркестанской области.
В конференции от Казахстана приняли участие известный археолог, доктор исторических наук, профессор Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави Мухтар Кожа, ассоциированный профессор ХКТУ им. К. Ясави, PhD Бакдаулет Сыздыков, преподаватель Международного университета туризма и гостеприимства, PhD Али Алимбекулы, преподаватель кафедры истории ХКТУ имени К.А. Ясави докторант Шыназ Алмазулы и другие ученые.
В программе конференции были охвачены история развития города Отырара, ранние этапы распространения ислама в Южном Казахстане, поселения кангюйского периода в Отырарском оазисе, археологическая картография и дистанционное зондирование, экономика и торговые связи Отырара в X-XV веках, погребальные традиции, водные системы, земледелие и растительный покров, археология городища Культобе. Научные доклады были на казахском и английском языках.
Профессор Мухтар Кожа вместе с коллегами представил исследование на тему «The Discovery of Mihrabs in the Dwellings of Otrar’s Rabad and Questions of the Initial Stage of the Spread of Islam in Southern Kazakhstan». В своем докладе он рассказал о результатах археологических раскопок, проведенных в 2025 году в рабаде Отырара, михрабах, обнаруженных в жилых домах, археологических признаках, связанных с доисламскими верованиями, стратиграфии города и результатах радиоуглеродного исследования. Эти материалы позволяют уточнить ранние этапы распространения ислама в Казахстане через археологические данные.
Бакдаулет Сыздыков показал особенности формирования городской культуры в Келесской долине, результаты археологических и междисциплинарных исследований, проведенных на городище Культобе.
Али Алимбекулы в своем докладе проанализировал и представил результаты об архитектурных особенностях и погребальных традициях мест захоронений на археологических памятниках Отырар и Куйрыктобе.
Шыназ Алмазулы представил основные направления и результаты археологических исследований на городище Культобе.
Археолог Серик Акылбек представил исследование, проанализировавшее структуру и закономерности пространственного расположения поселений кангюйского периода в Отырарском оазисе.
В научной встрече также приняли участие зарубежные ученые, исследующие Отырар и средневековые города Центральной Азии.
Исследователь «King’s College» Кембриджского университета археолог и доктор Кэти Кэмпбелл представила исследование о цикле городского развития Отырара. Также зарубежные ученые сделали доклады об археологической картографии и дистанционном зондировании, экономике и торговых связях Отырара в X-XV веках, земледелии, водных системах и истории окружающей среды.
Поездка казахстанских ученых в Кембридж была организована в рамках научной программы «Исследование проникновения и распространения ислама в Казахстан на основе археологических и письменных источников», финансируемой Министерством науки и высшего образования РК и реализуемой Международным университетом туризма и гостеприимства.
Одна из основных целей командировки – выявление и изучение письменных источников, рукописей и архивных материалов, касающихся истории проникновения и распространения ислама в Казахстан и Центральную Азию, находящихся в фондах библиотек Кембриджского университета и библиотеки Британского музея. Ученые рассмотрели значение источников, ранее не полностью введенных в научный оборот, для решения задач научного проекта. Исследовательские образцы, полученные из исторических объектов в городах Туркестан, Отыраре и Таразе, были переданы в лабораторию Кембриджского университета для проведения научно-лабораторного анализа.
Ученые с 2025 года ведут археологические раскопки в Отыраре. В этом году в ходе раскопок на городище Отырар были обнаружены место мечети, относящееся к эпохе Золотой Орды, мощенная камнем улица и ступенчатые сооружения, изучены места захоронений и различные археологические артефакты.
Кроме того, профессор Мухтар Кожа, опираясь на результаты многолетней научно-исследовательской работы, сделал в Кембриджском университете специальный научный доклад на тему «Исследование могилы Абылай хана». Также он подарил библиотеке Кембриджского университета монографию «Абылай хан», написанную им совместно с Оразаком Смагулулы, Алмагуль Оразаккызы, а также научные труды «Средневековый Отырар: легенды, данные, исследования» и «Позднесредневековые города и поселения Казахстана».
В ходе поездки ученые встретились с Чрезвычайным и Полномочным Послом РК в Соединенном Королевстве Великобритании и Северной Ирландии Алибеком Бакаевым. На встрече стороны обсудили вопросы развития научных связей между Казахстаном и Великобританией, реализации международных исследовательских проектов в области археологии и истории, обмена научными данными и расширения академического сотрудничества.
Поездка в Кембридж позволяет обсудить в международных научных кругах новые археологические данные, собранные об Отыраре и средневековых городах на территории Туркестанской области, изучить материалы из зарубежных библиотечных и архивных фондов, проанализировать археологические образцы современными лабораторными методами и расширить международные научные связи казахстанских ученых.
Пресс-служба акима Туркестанской области
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаевпен кездесті. Кездесуде тұрғын үй құрылысының қазіргі ахуалы, аумақтарды кешенді дамыту және алдағы уақытта жоспарланған жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын оны одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында өңір басшысы өңір тұрғын үй құрылысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
– Киелі Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Тұрғын үй құрылысы – Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі. Осы бағытта «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен бірлескен жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі кездесуде атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралап, алдағы кезеңдегі бірлескен жоспарларды талқылаймыз. Түркістан облысындағы тұрғын үй саласының дамуы мен өркендеуіне «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ атынан қосқан елеулі үлесіңіз және көрсеткен қолдауыңыз үшін сізге шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы.
Түркістан облысы құрылғаннан бері өңірде жалпы 873 тұрғын үй 25 078 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның облигациялық қарыздар есебінен 91 млрд теңгеге 230 тұрғын үй, яғни 10 707 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл облыс әкімдігі тарапынан 75 млрд теңгеге жалпы 248 мың шаршы метр құрайтын 156 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандарды биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал 2027 жылы Түркістан қаласында кредиттік 48 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 129,2 мың шаршы метр болатын 2 378 пәтер пайдалануға беріледі деп көзделген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСЕДАТЕЛЕМ ПРАВЛЕНИЯ АО «КАЗАХСТАНСКАЯ ЖИЛИЩНАЯ КОМПАНИЯ»
Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с председателем правления АО «Казахстанская жилищная компания» Алтаем Куздибаевым. На встрече обсуждались текущее состояние жилищного строительства, комплексное развитие территорий и реализация планируемых проектов, а также направления дальнейшего развития жилищного строительства.
В ходе встречи глава региона отметил, что жилищное строительство является одним из важных направлений социально-экономического развития региона.
– Жилищное строительство – одно из важных направлений для социально-экономического развития Туркестанской области. В этом направлении мы совместно работаем с Казахстанской жилищной компанией. На сегодняшней встрече мы проанализируем результаты проделанной работы и обсудим совместные планы на предстоящий период. Выражаю вам искреннюю благодарность за весомый вклад и поддержку, которую вы внесли от имени АО «Казахстанская жилищная компания» в развитие и процветание жилищной сферы Туркестанской области, – сказал аким области.
С момента образования Туркестанской области в регионе в целом введено в эксплуатацию 873 жилых дома на 25 078 квартир. В том числе за счет облигационных займов АО «Казахстанская жилищная компания» на 91 млрд тенге введено в эксплуатацию 230 жилых домов, то есть 10 707 квартир. Кроме того, в этом году со стороны акимата области ведется строительство 156 жилых домов общей площадью 248 тыс. квадратных метров на 75 млрд тенге. Данные объекты планируется сдать в эксплуатацию в декабре текущего года. А в 2027 году в городе Туркестане планируется строительство 48 кредитных жилых домов. Предполагается ввести в эксплуатацию 2 378 квартир общей площадью 129,2 тыс. квадратных метров.
Пресс-служба акима Туркестанской области
ТҮРКІСТАНДА ПРОФЕССОР СЕЙДУЛЛА САДЫҚҰЛЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАСҚОСУ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ журналистикасы мен ғылымына елеулі үлес қосқан ғалым, журналист, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өңір журналистикасының абызы» атты дөңгөлек үстел өтті.
Маңызды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, журналистер, оқытушылар мен шәкірттері қатысты.
Жиында облыс әкімінің орынбасары мерейтой иесін құттықтап, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің құттықтау хатын оқып берді. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Сейдулла Садықұлын қазақ журналистикасы мен ғылымын дамытуға қосқан үлесіне тоқталып, оның Түркістанның рухани өміріне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ғалымның Түркістанды ғылыми тұрғыдан зерттеп, облыс орталығының тарихи-рухани маңызын насихаттауға қосқан үлесіне тоқталды.
Өз кезегінде Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова мерейтой иесін құттықтап, оның университеттің дамуына, журналистика саласындағы мамандарды даярлауға және жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбегіне жоғары баға берді.
Іс-шара барысында ұлағатты ұстаздың қазақ журналистикасы мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі, ұстаздық жолы және ғылыми еңбектері кеңінен сөз болды.
Сейдулла Садықұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі Журналистика кафедрасының негізін қалаушылардың бірі. Ол ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орнында жас мамандарға білім беріп, журналистиканың теориясы мен тәжірибесін қатар меңгертуге еңбек сіңірді. Ғалымның тәлімін алған жүздеген шәкірт бүгінде еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі салаларында қызмет етіп келеді. Профессордың ғылыми еңбектері Қазақстанмен ғана шектелмей, шетелдік ғылыми басылымдарда да жарық көрді. Оның ғылыми мақалалары АҚШ, Қытай, Нидерланды, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан басылымдарында жарияланған. Сондай-ақ ғалым халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен түркологиялық конгрестерде көптеген ғылыми баяндамалар жасаған. Профессордың журналистика, ғылым және білім саласындағы еңбегі мемлекет және кәсіби қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған. Ол «Құрмет» орденімен, Қазақстан Журналистер одағының сыйлығымен және өзге де марапаттармен наградталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЕННАЯ 75-ЛЕТИЮ ПРОФЕССОРА СЕЙДУЛЛЫ САДЫКУЛЫ
В Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Ясави в городе Туркестане прошел круглый стол «Өңер журналистикасының абызы», посвященный 75-летнему юбилею почетного гражданина города Туркестана, кавалера ордена «Құрмет», ученого, журналиста, педагога, внесшего значительный вклад в казахскую журналистику и науку, доктора филологических наук, профессора Сейдуллы Садыкулы.
В собрании приняли участие заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, ректор Международного казахско-турецкого университета им. К.А. Ясави Жанар Темирбекова, представители интеллигенции, ученые, журналисты, преподаватели и ученики.
На собрании замакима области поздравил юбиляра и зачитал поздравительное письмо акима области Нуралхана Кушерова. В своем выступлении заместитель акима области остановился на вкладе Сейдуллы Садыкулы в развитие казахской журналистики и науки, особо отметив его заслуги в духовной жизни Туркестана. Также он отметил вклад ученого в научное изучение Туркестана и пропаганду историко-духовного значения областного центра.
В свою очередь, ректор Международного казахско-турецкого университета им. К.А. Ясави Жанар Темирбекова поздравила юбиляра и высоко оценила его вклад в развитие университета, подготовку специалистов в области журналистики и образование и воспитание молодого поколения.
В ходе мероприятия широко обсуждался вклад уважаемого учителя в развитие казахской журналистики и науки, его преподавательский путь и научные труды.
С. Садыкулы является одним из основателей кафедры журналистики в Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Ясави. Он долгие годы трудился в вузе, обучая молодых специалистов, внося вклад в освоение теории и практики журналистики. Сотни учеников ученого сегодня работают в средствах массовой информации и различных сферах нашей страны. Научные труды профессора публиковались не только в Казахстане, но и в зарубежных научных изданиях. Его научные статьи опубликованы в изданиях США, Китая, Нидерландов, России, Турции, Узбекистана, Азербайджана и Кыргызстана. Также ученый сделал множество научных докладов на международных и республиканских научных конференциях и тюркологических конгрессах. Труд профессора в сфере журналистики, науки и образования высоко оценен государством и профессиональным сообществом. Он награжден орденом «Құрмет», премией Союза журналистов Казахстана и другими наградами.
Пресс-служба акима Туркестанской области
ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ
❇️Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама Түркістан музыкалық драма театрында жалғасты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аға буын өкілдерімен бірге «Вальс королі» қойылымын тамашалады.
🔰Театрдағы жүздесу барысында ардагерлерге мәдени тынығуға мүмкіндік жасалып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Өнер ордасында бас қосқан аға буын өкілдері қойылымды тамашалап, театр ұжымының шығармашылығына ризашылығын білдірді.
🔰Қойылымнан кейін облыс әкімі мен ардагерлер келесі іс-шара өтетін орынға қоғамдық автобуспен бірге барды. Жол бойында Нұралхан Көшеров аға буын өкілдерімен еркін әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
⚜️Қариялар Түркістанның бүгінгі тынысы, қаланың дамуы және ел өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
ТУРКЕСТАН: ВЕТЕРАНЫ ПОСМОТРЕЛИ СПЕКТАКЛЬ «КОРОЛЬ ВАЛЬСА»
❇️Праздничная программа, посвященная Международному дню пожилых людей, продолжилась в Туркестанском музыкально-драматическом театре. Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров вместе с представителями старшего поколения региона посмотрел спектакль «Король вальса».
🔰В ходе встречи в театре ветеранам была предоставлена возможность культурного отдыха и создано праздничное настроение. Представители старшего поколения посмотрели спектакль и выразили благодарность творческому коллективу театра.
🔰После спектакля аким области и ветераны вместе отправились на общественном автобусе к месту проведения следующего мероприятия. По дороге Нуралхан Кушеров побеседовал с представителями старшего поколения, выслушал их предложения и мнения.
⚜️Аксакалы поделились мыслями о сегодняшнем дыхании Туркестана, развитии города и актуальных вопросах жизни страны.
Пресс-служба акима Туркестанской области
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ШАҢЫРАҚТАРЫНА БАРЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
⚜️Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қазыналы қарттардың шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекелерімен құттықтады.
🔰Өңір басшысы Түркістан қаласындағы тыл ардагерлері Тәліп Бейсенбаев пен Ұлбосын Зульпибекованың үйлеріне барып, ардагерлермен емен-жарқын әңгімелесті. Кездесу барысында олардың хал-жағдайын сұрап, өмір жолдары мен еңбек жылдары жайлы әңгімелерін тыңдады. Ақсақалдар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы пікір алмасты.
🔰94 жастағы Тәліп Бейсенбаев – тыл ардагері, төрт ұл, үш қыздың әкесі. Қиын кезеңде өмірге келген ол еңбек жолын мал дәрігері болып жалғастырып, Түркістанның ауданаралық сауда орталығында да қызмет атқарған. Ақсақалдың жеті перзенті өмірден өз орындарын тауып, жоғары білім алып, өз саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде ұл-қыздарының жетістігін көріп, немере-шөберелерінің ортасында ғибратты ғұмыр кешіп отырған қазыналы ақсақал.
🔰Ал 88 жастағы Ұлбосын Зульпибекова – тыл ардагері, көпбалалы ана. Еңбек жолында тігінші және аспазшы болып қызмет атқарып, алты ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 16 немере сүйіп отырған ардақты ана ұрпағының қызығын көріп отыр.
⚜️Облыс әкімі ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілеп, мерелік сый-сияпат жасады. Кездесу соңында қариялар ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен өңірдің өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.
📌Айта кетейік, бүгінде облыста 187 мыңнан астам зейнеткер, 3 ҰОС ардагері, 2082 тыл ардагері бар. Аға буынға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық аудан, қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылды. Қартайған шағында жалғыз қалған 80 жастан асқан жалғызілікті қарияның зейнетақысына қосымша бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетілсе, әртүрлі санаттағы 9201 ардагер өңірдегі шипажайларда демалып, денсаулықтарын түзеді. Ардагерлерді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСЕТИЛ ДОМА ВЕТЕРАНОВ ТЫЛА И ВЫРАЗИЛ ИМ ПОЧТЕНИЕ
⚜️В честь Международного дня пожилых людей аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров посетил дома уважаемых аксакалов и поздравил их с праздником.
🔰Глава региона посетил дома ветеранов тыла Талипа Бейсенбаева и Улбосын Зульпибековой в городе Туркестане и душевно побеседовал с ними. В ходе встречи он поинтересовался их состоянием, выслушал рассказы об их жизненном пути и трудовых годах. Пожилые люди поделились своими воспоминаниями и обменялись мнениями о сегодняшней жизни страны.
🔰94-летний Талип Бейсенбаев – ветеран тыла, отец четверых сыновей и трех дочерей. Родившийся в трудные времена, он продолжил свой трудовой путь ветеринаром, работал также в межрайонном торговом центре Туркестана. Семеро его детей нашли свое место в жизни, получили высшее образование и трудятся в своей сфере. Сегодня уважаемый аксакал живет в здравии в окружении своих детей, внуков и правнуков.
🔰88-летняя Улбосын Зульпибекова – многодетная мать. В трудовые годы работала швеей и поваром, воспитала шестерых сыновей. У нее 16 внуков, она вместе с ними радуется успехам потомства.
⚜️Аким области пожелал ветеранам крепкого здоровья, долголетия, благополучия их семьям и вручил праздничные подарки. В завершение встречи аксакалы дали свое благословение – бата, выразив пожелания мира стране и процветания региону.
📌Отметим, сегодня в области насчитывается более 187 тысяч пенсионеров, три ветерана ВОВ, 2082 труженика тыла. В целях создания благоприятных условий для старшего поколения во всех районах и городах открыты центры активного долголетия. Если одиноким старикам старше 80 лет, оставшимся в старости одинокими, оказывается помощь в размере 1 МРП дополнительно к пенсии, то 9201 ветеран различных категорий отдохнул и поправил здоровье в санаториях региона. Работа по поддержке ветеранов продолжается.
Пресс-служба акима Туркестанской области