Балтакөл Ауыл округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

                Балтакөл Ауыл округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

 

Балтакөл Ауыл округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2024 жылдың 1 сәуіріне халық саны 4150 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 294 237 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 67 132 гектар, оның ішінде егістік көлемі 3 823 гектар, жайлымдық көлемі 63 186 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 4 950 бас, қой мен ешкі 20 500 бас, жылқы 1 270 бас, түйе 51 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  35 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 117 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Өндірістік кооператив саны 8, жеке кәсіпкерлер саны 22.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

 

2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 28 215 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 57 853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 692 теңге.

 

2024-2026 жылдарға арналған Ауыл округінің бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

   Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2024-2026 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  №11/63-VIIІ шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

60 590

69 919

74 813

Салықтық түсімдер

10 306

10 306

11 027

Салықтық емес түсiмдер

13

14

15

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

154

165

176

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

53 560

57 309

61 320

Ағымдағы мақсатты трансферттер

0

 

 

Субвенция

53 560

57 309

61 320

Шығындар, оның ішінде:

64 033

69 919

74 813

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

56 030

59 952

64 148

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

1 284

5 180

5 392

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

1 080

1 155

1 236

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

204

218

233

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

0

0

0

Көлік және коммуникация

6 719

7 189

7 692

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,  кенттерде,     Ауыл округтерде автомобиль жолдарының жұмыс       істеуін қамтамасыз ету

6 719

7 189

7 692

 

2024-2026 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

                          Ауыл округі бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

                                  Әлеуметтік сала шығындары

 

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 

                       Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2024 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 56 030,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

                                 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

         Бұл сала бойынша 2024 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға 1 080,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 204,0 мың теңге қаралған.

 

                                         Көлік және коммуникация

 

          Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,  кенттерде,     Ауыл округтерде автомобиль жолдарының жұмыс       істеуін қамтамасыз етуге  Балтакөл а/о қарасты автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 6 719,0 мың теңге қаралған.

 

Дата публикации
12 апреля 2024