Балтакөл Ауыл округінің 2026 – 2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Балтакөл Ауыл округінің

2026 – 2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

Наурыз айы

 

Балтакөл Ауыл округінің 2026-2028 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

 

Балтакөл Ауыл округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2026 жылдың 1 сәуіріне халық саны 4150 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 294 237 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 67 411 гектар, оның ішінде егістік көлемі 4 811 гектар, жайлымдық көлемі 62 600 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 4 950 бас, қой мен ешкі 17 226 бас, жылқы 1 118 бас, түйе 56 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  18 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 144 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Өндірістік кооператив саны 10, жеке кәсіпкерлер саны 56.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

 

2026 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 35 596 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 69 049 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 4 325 теңге.

 

 2026-2028 жылдарға арналған Ауыл округінің

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

   Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2026-2028 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы  №32/183-VIIІ шешімімен бекітілді.

 

2026-2028 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

69 990

70 506

70 926

Салықтық түсімдер

11 295

11 803

12 216

Салықтық емес түсiмдер

15

15

15

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

170

178

185

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

58 510

58 510

58 510

Ағымдағы мақсатты трансферттер

0

0

0

Субвенция

58 510

58 510

58 510

Шығындар, оның ішінде:

69 990

70 506

70 926

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

64 451

64 967

65 387

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

100

100

100

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

3 146

3 146

3 146

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

2 200

2 200

2 200

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

0

0

0

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

946

946

946

Көлік және коммуникация

2 293

2 293

2 293

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,  кенттерде,     Ауыл округтерде автомобиль жолдарының жұмыс       істеуін қамтамасыз ету

2 293

2 293

2 293

 

2026-2028 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

Ауыл округі бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2026-2028 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Әлеуметтік сала шығындары

 

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2026 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 65 619,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

         Бұл сала бойынша 2026 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға 2 200,0 мың теңге, елдімекендегі ойын алаңшасын абаттандыру үшін 946,0 мың теңге қаралған.

                                

Көлік және коммуникация

 

          Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,  кенттерде,     Ауыл округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге  Балтакөл а/о қарасты З.Ботабеков және Самырат елді мекеніндегі Тәтібай автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 2 293,0 мың теңге қаралған.

 

                             Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

          Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына мекемеге қажеттті мемлекеттік рәміздер сатып алуға 100,0 мың қаржы қаралды.

 

Дата публикации
29 апреля 2026