Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қайырлы күн! Мен жеке кәсіпкермін және шағын бизнесім бар. Айтыңызшы, маған зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?

Жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, жеке практикамен айналысатын адамдар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болуға және өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің пайдасына алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс. МЗЖ мөлшерінің төменгі және жоғарғы шегі бар: олар ең төменгі жалақының 10 пайызынан төмен болмауы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс.

Айта кетейік, жеке кәсіпкер табысты өз бетінше анықтайды.  Егер қандай да бір кезеңде табыс болмаса, онда кәсіпкер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен БЖЗҚ-ға өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Егер кәсіпкердің МЗЖ қолма-қол ақшасыз аудару үшін екінші деңгейдегі банкте шоты болмаса, жарнаны төлем құжаттарында "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының деректемелерін көрсете отырып, банк немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшамен салуға болады. Төлем құжаттарына қоса берілетін тізімдерде өзі туралы, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан қызметкерлер мен жеке тұлғалар туралы мынадай мәліметтерді енгізу қажет: ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, жарналардың сомасы және кезеңде (ай/айлар, жыл) төленетін міндетті зейнетақы жарналары). Бұл жағдайда әрбір ай  бөлек көрсетілуі керек. Бұл мемлекеттік бюджеттен базалық зейнетақы есептеу үшін маңызға ие жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есепке алу үшін қажет.

 

Дата публикации
19 июля 2022
Дата обновления
19 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы