Меню

Страницы

Статья

ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Оралбайдың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтіп, кездесуде Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп жөніндегі кодексінің жаңа редакциясы таныстырылды.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Айдос Мәулен бұрынғы редакциямен талдай отырып, түсіндіріп өтті.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болатынын жеткізген Әдеп уәкілі адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану сынды қағидаттарды талдады.

«Кодекстің жаңа редакциясында «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Әдеп жөніндегі комиссиясына облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері орынбасарларының, облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандары мен қала аудандары әкімдерінің, облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қала әкімдерінің, комитеттер төрағаларының, сондай-ақ облыс әкімі аппарат басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін қарауға өкілеттік берілгенін айта келе, мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексі талаптарын сақтауға шақырды.

 

Дата публикации
01 апреля 2022
Дата обновления
01 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы