Сіздерді мемлекеттік қызметтерді онлайн элекрондық түрінде алуға шақырамыз.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде egov.kz порталы арқылы, еGov немесе eGov mobile, telegram bot қосымшасы арқылы алу әрі жылдам және уақыттыңызды үнемдейді.
Қосымша сұрақтар үшін 1414.
Мобильді қосымшаны Мобильді азаматтар базасында ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильді азаматтар базасында тіркелу жолдары:
eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Google Play (талап етілетін нұсқасы Android - 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS - 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.
Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялануға болады*.
Egov mobile жаңа мобильді қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:
Қосымшаның басты бетінде пайдаланушы үшін қосымшамен жұмыс істеу жөнінде қысқаша нұсқаулық берілген. Нұсқаулықтар әлеуметтік желілер бойынша пайдаланушыларға таныс тарих түрінде орындалған.
«Танымал қызметтер» бөлімінде барынша талап етілетін анықтамалар көрсетілген, қызметтердің толық тізімімен «барлық қызметтер» сілтемесі бойынша немесе «қызметтер» бөлімінде танысуға болады. Айта кететін жайт, көрсетілетін қызметті eGov mobile арқылы алу бұрыңғыдан ыңғайлырақ болды. Біз көрсетілетін қызметтерді тек қосымшаға ауыстырып қана қоймай, көрсетілетін қызметтерді толығымен басқаша ойластырып қараймыз. Көрсетілетін қызметті алу кезінде өзіңіздің деректеріңізді енгізу қажет емес, сіздің деректеріңіз eGov жеке кабинетінен автоматты түрде толтырылатын болады.
Сондай-ақ, басты бетте қосымшалар дүкені орналастырылған:
«Хабарламалар» бөлімінде Сіз қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды көре аласыз.
«Профильде» отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебесі, заңды тұлғаға қатысу туралы ақпарат, авто және жылжымайтын мүлік туралы ақпарат және т. б. туралы әртүрлі мемлекеттік деректер қорынан жеке ақпараттар көрсетіледі.
Сондай-ақ, профильде қосымшаның параметрлерін өзгертуге болады.
* Бір реттік пароль – сұрау салу жібергеннен кейін пайдаланушының ұялы телефонына келетін тексеру коды бар sms-хабарлама. Бір реттік парольді пайдалану үшін пайдаланушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.