Меню

Страницы

Статья

Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін

БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - Қордың зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру және дамыту, тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету арналарын кеңейту.

Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері, сондай-ақ Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі жөнінде әңгімелеп беретін болады.

Ашық есік күні зейнетақы қызметтері туралы ақпарат алғысы келетін Қор салымшыларының барлық санаттары үшін өткізіледі. БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға қызметтерді алудың әр түрлі тәсілдері туралы, сондай-ақ егер Сіз БЖЗҚ кеңсесіне келіп тұрып, бірақ үйде жеке куәлігіңізді ұмытып кеткен жағдайда, не істеу керектігіңіз жөнінде айтып береді.

Сондай-ақ кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 10 желтоқсанда (уақытын филиал жазады) онлайн форматта  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Тіркелу бойынша 87009540540  номеріне хабарласыңыздар.

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
30 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы