Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тарапынан "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына" сәйкес Отырар ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңкесі онлайн форматта өтеді.
Өтетін күні: 5 қазан 2021 жыл,
Басталатын уақыты: 17-00 сағат.
Ескерте кетейік, жәрмеңкеде жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мемлекеттік қызметттерді алу жолдарын түсіндіреді және туындаған сұрақтарға жауабын береді.
Онлайн форматта өтетін жәрмеңке аудан әкімінің «Фейсбук» парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100011252460797) өтеді.