Меню

Страницы

Статья

Емханаға тіркелу

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылығын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің 3 жолы бар:

Портал арқылы Egov.kz:


  1. Порталда авторизациядан өтіңіз;
  2. Іздеу жолы арқылы «алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін табыңыз;
  3. Қызметті онлайн сұратыңыз;
  4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз;
  5. Мекенжай мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз;
  6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңы;
  7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.ъ


⠀@Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы

  1. Телеграммессенджерінде @Kenes1414Botтабыңыз;
  2. Телеграм ботты іске қосыңыз, «қызметтер» бөлімін ашыңыз;
  3. «Денсаулық сақтау» таңдаңыз, «мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу» батырмасын басыңыз;
  4. Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге / балаға);
  5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз;
  6. Әрі қарай бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды;
  7. Растау кодын енгізіңіз;
  8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.

⠀Емхана арқылы:

Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.

Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан шығарыласыз.

Дата публикации
25 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы