Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Мен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінен салық ұсталатынын естіген едім, осы рас па және оның мөлшері қандай?

Иә, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алған кезде салық заңнамасы бойынша табыс салығын ұстап қалу көзделген. Салымшының жеке зейнетақы шотына түскен кезде зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Сондықтан зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде оларға салық салынады.

Алайда  біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде салымшыға таңдау құқығы беріледі - ЖТС бір рет немесе мерзімін ұзарта отырып-зейнеткерлікке шыққан кезде он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен(БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша)төленуі мүмкін.

Егер салымшы ЖТС-ты толық көлемде бірден төлеу туралы шешім қабылдаса, онда ол өз өтінішінде ЖТС-ты 10% мөлшерінде шегере отырып, алуға болатын соманы көрсетуі тиіс.

Салымшыға қолайлы болуы жәнеоның дербес шешім қабылдауы үшін БЖЗҚ-дан берілетін үзінді көшірмеде екі сома да көрсетілген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкілетті операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы