Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Лицензиясы бар ИПБ мен маған есептелген инвестициялық табыс туралы қайдан білуге болады?

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) белгілеген талаптарға сәйкес келетін ИПБ тізілімі жүргізіліп, ай сайын ҚНРДА-ның интернет-ресурсында орналастырылады (www.finreg.kz).

Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

«First Heartland Jysan Invest» АҚ;

«BCC Invest» АҚ –«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);

«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ»  АҚ;

«First Heartland Capital» АҚ;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ.

Алайда зейнетақы жинақтарын бұл ИПБ-ларға сенімгерлікпен  басқаруға беру үшін зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.

Қазіргі кезде  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шартты: 

«First Heartland Jysan Invest» АҚ,

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ),

«BCC Invest» АҚ –«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«СентрасСекьюритиз» АҚ-мен жасады.

Осылайша, қаржы нарығында БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасасқан 4 ИПБ бар.

Сізөз таңдауыңызды жасағаннан кейін, жеке зейнетақышотыңыздан берілетін үзінді көшірмеде басқарушы компания сіздің зейнетақы  жинақтарыңызды орналастырудан қандай инвестициялық табыс есептегенін көре аласыз. Оны https://www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте кез келген кезең үшін қалыптастыруға болады.

 

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы