Егер сізде жылжымайтын мүлік болса және сіз тіркелген азаматтардың санын білгіңіз келсе, мұны келесі жолмен жасауға болады:
- eGov.kz порталына пайдаланушы аты мен парольді пайдаланып, ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы кіріңіз.
- «Жеке кабинетке» өтіңіз.
- «Мүлік» бөлімінде «Тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру» тармағын таңдаңыз
Егер сізге таныс емес адамдар тіркелгендердің тізімінде болса және сіз оларды шығарғыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындауға кеңес береміз:
- eGov.kz порталына пайдаланушы аты мен парольді пайдаланып, ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы кіріңіз.
- «ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
қызметін таңдаңыз (https://egov.kz/cms/ru/services/002pass_mvd).
- «Қызметке онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
- Сіз тұратын аудан мен мүлікті көрсетіңіз.
- Тіркелгендер тізімінен тіркеуден шығарғыңыз келетінді таңдаңыз.
- Өтінімге ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы қол қойыңыз.
Егер тұрғын үйдің ортақ меншік иелері болса, олар ЭЦҚ-мен расталған келісім беруі керек.
- Өтінімді өңдеу нәтижесімен Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде таныса аласыз.